Пайдалы сілтемелер

ФИЛОСОФИЯ ПӘНІНЕ ҚАЖЕТТІ ИНТЕРНЕТ РЕСУРСТАР

 

        ХХІ ғасырдың болмысы қандай? ХХІ ғасыр электронды дәуір! Электронды дәуірдің жаңа бағыттарының көптігі мен жылдамдық екпінінің күштілігі сондай - ол адамның табиғи физиологиялық дамуы, әлеуметтік қарым-қатынастардың орын алуы алдына шығып кетті. Кішкентай балалар жүруге және сөйлеуге үйренбестен бұрын планшеттер мен смартфондарға қол жеткізе алса, есейе келе виртуалды доспен қарым-қатынасқа түседі, яғни өмірдегі шынайы достан әлеуметтік желідегі виртуалды достары көбірек болады. Оқушы білімге деген қажеттілікті мұғалімінен сұрағаннан гөрі интернеттен сұрағанды жөн көреді. Студент цифрлық шектеуді қоя алмастан виртуалды әлемде адасуы мүмкін. Оқытушыға ауқымды ақпараттарды интерпретациялау және трансформациялау үшін механизм керек. Жалпы проблемалар көп, қалай дегенмен де керекті электронды ресурстарды анықтау және оны қажеттілікке қарай ұтымды пайдалану дағдысы өз қажеттілігін тудырып отыр. Олай болса, «философия» пәнін оқытуға және игеруге қажетті интернет ресурстар.