Тест
Адам туа біткен мінез-құлқы мен жинақталған тәжірибесіне сай қалай ойлайды? Контекстте; Стереотипте; Шаблонда; Қисында; Форматта. Ойлау дегеніміз ... ? Дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы; Ұлттық дәстүрлер жиынтығы; Өмірілік тәжірибелер жиынтығы; Саясатты игерудің жоғарғы сатысы; Даналықты меңгеру тәсілі. Философия тарихының классигі Кант мәдениетті немен байланыстырды.? Адам бостандығымен Құқық бостандығымен; Таңдау құқығымен; Этикалық пайыммен; Ерік бостандығымен; Ежелгі үнді ойлау жүйесіндегі алғашқы ескерткіш қандай? Ведалар; Упанишаттар; Сутралар; Мантралар; Кармалар. Ежелгі қытай ойлау жүйесіндегі басты лейтмотив қандай? Гуманизм; Идеализм; Легизм; Материализм; Деизм. Ежелгі жапон ойлау жүйесіндегі аса маңыздылыққа ие сұйықтық? Шәй; Су; Шырын; Шарап; Шалап. Томас Касулистың «Жапон философиясының қысқаша тарихы» атты кітабын қазақ тіліне аударған ғалымдар? Г.Ж.Нұрышева, А.Қ.Байдлаева; Б.Сатершинов, А.Қ.Байдлаева; Қ.Борбасова, Г.Ж. Нұрышева; Ж.Алтаев, Б.Сатершинов; Г.Ж. Нұрышева, Ж.Алтаев. Ежелгі грек ойлау жүйесіндегі «пайдея» ұғымы нені білдіреді? Баланы тәрбиелеу оқыту, білім беру, өмірге лайықтау. Баланы патриотизмге баулу; Баланы сауда-саттыққа үйрету; Баланы саясатқа баулу; Баланы батырлыққа үйрету; Ежелгі грек ойлау жүйесіндегі медициналық стандарт кімнің есімімен аталады? Гипократ; Платон; Аристотель; Сократ; Гален. Ежелгі Грек және Рим ойлау жүйесінің негізі болған ...? Әке тәрбиесі; Ана тәрбиесі; Ұстаз тәрбиесі; Қоғам тәрбиесі; Көше тәрбиесі. Ойлау туралы ой қандай әрекетке алып келеді? Ойлануға; Анализ жасауға; Синтез жасауға; Ой шолуға; Форматтауға. Қисынды, дұрыс ойлау туралы ғылым қалай аталады? Логика; Философия; Психология; Антропология; Тарих. Кестедегі ойлау түрлерінің артығын табыңыз? Антидивергентті; Дивергентті; Конвергентті аналитикалық; Сыни; Креативті. Өзін басқаның орнына қоюға, автордың ойларымен, кейіпкердің іс-әрекеттері мен күйзелістерімен сәйкестендіруге мүмкіндік беретін рефлексия атауы? Көркемдік. Реттеуші; Сыни; Танымдық; Коммуникативті; Көркемдік рефлексия философияның қандай саласына аса жақын? Өнер философиясы; Адам философиясы; Мәдениет философиясы; Тарих философиясы; Дін философиясы. Адамның игілігі идеясын әлеуметтік және мәдени дамудың басты мақсаты деп жариялайтын және адамның жеке тұлға ретіндегі құндылығын қорғайтын ойлау тәсілі? Гуманизм; Антропоморфизм; Антропология; Пантеизм; Паганизим. Ойлаудың екі әдісі бар және философтың міндеті оған жауап іздеу: біріншісі, әлем туралы біздің білімімізге, екіншісі адам өміріне арналған деген тұлға кім? Поль Низан; Жан Поль Сартр; Эрих Фромм; Альбер Камю; Артур Шопенгауэр. Ежелгі грек ойлау жүйесіндегі «пайдея» ұғымы нені білдіреді? Баланы тәрбиелеу оқыту, білім беру, өмірге лайықтау. Баланы патриотизмге баулу; Баланы сауда-саттыққа үйрету; Баланы саясатқа баулу; Баланы батырлыққа үйрету; Ежелгі грек ойлау жүйесіндегі медициналық стандарт кімнің есімімен аталады? Гипократ; Платон; Аристотель; Сократ; Гален. Ежелгі Грек және Рим ойлау жүйесінің негізі болған ...? Әке тәрбиесі; Ана тәрбиесі; Ұстаз тәрбиесі; Қоғам тәрбиесі; Көше тәрбиесі. Философия ғылымындағы «сана» ұғымын ашатын ұғымдардың артығын табыңыз? Тән; Жан; Ақыл; Парасат; Рух. «Жанның» өлместігі туралы алғаш айтқан философ кім? Фалес; Пифагор; Анаксимандр; Платон; Анаксимен. Ұлт данышпаны, хәкім Абай адамның «жаны» қай жерді мекендейді деп пайымдайды? Жүректе. Тілде; Мұрында; Кеудеде; Мида; Ақылды «таза» және «практикалық» деп екіге бөліп қарастырып, ақыл-парасат беретін ұғымның жан-жақты принциптері арқылы бірлікке синтездеу мүмкіндігін айтқан философ? И. Кант; Л.Фейербах; Г.Гегель; Ш.Шеллинг; Г.Фихте. «Ақыл-парасат күші адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш» - деп анықтама берген философты атаңыз? Әл-Фараби; Әл-Бируни; Әл- Кинди; Ибн Халдун; Әл-Хорезми. «Рух деген – дiнсiз таза ақыл, Мiнсiздiң iсi шын мақұл» деп жырлаған қазақ философиясының белді өкілдерінің бірін атаңыз? Шәкәрім; Абай; Асан Қайғы; Қорқыт; Бұхар жырау. Философиядағы сананың табиғатын және дене мен адам психикасының арақатынасы мәселесін зерттейтін бағыт қалай аталады? Сана философиясы; Ақыл философиясы; Жан философиясы; Психологиялық философия; Табиғат философиясы. Сана философиясының негізгі әдісі қалай аталады? Ойлау эксперименті; Тәжірибе; Сана мен санасыздық арақатынасын талдау; Санасыздық; Бисаналық. Әдіс пен тіл философиясының негізгі ұстанымдарын қалыптастырған XIX ғасырдағы алғашқы зерттеушіні атаңыз? В.Гумбольд; А.Бауэмгартен; Х.Вольф; И.Кеплер; Э.Карнап. Шығыстық сипаттағы тіл философиясына жататын, философиялық ұғымдар мен терминдерге бай ХІ ғасырдағы ірі еңбекті атаңыз? «Диуани лұғат ат-түрк»; «Құтадығу білік»; «Диуани Хикмет»; «Фақырнама»; «Жылнамалар жинағы». Гректің «Онтос», яғни аударғанда (ontos – барлық тіршілік, бар нәрсе; logos – сөз, ақыл, ой, ілім ) дегенді білдіреді деп алғаш қолданған антикалық ойшыл кім? Парменид; Фалес; Пифагор; Плотин; Платон. «Табиғат туралы" деп аталатын үш бөлімнен тұратын ұзақ поэтикалық шығарманың авторы, Италияның оңтүстігінен шыққан грек философы Парменид қандай антикалық мектептің негізін қалады? Элей мектебі; Атомистер мектебі; Милет мектебі; Софистер мектебі; Перепатетиктер мектебі. «Идеалды әлем» болмысы идеясын ұсынып, болмыс парадигмасының «Феноменалды болмыс» және «Метафеноменалды болмыс» деп екі жағын аштықан әлемге есімі аян философ? Платон; Сократ; Аристотель; Парменид; Плотин. Шығыстық мәдениетте болмыс мәселесі шынайылық пен өткіншіліктің баламасы ретінде Үнділердің қандай гимнінде талданады.? Ригведа; Йога; Сутра; Мантра; Карма. Қытай философиясындағы маңызды ұғымдарының бірі, барлық болмыс осы екеуінің біртұтастығы арқылы ғана бар бола алады, тіршілк етеді себебі олар дүниенің бастауында тұрған мәндер деген ой, қандай ұғым туралы айтылған? Инь және Янь; Конфуцийшылдық; Легизм; Атаулар мектебі; Деизм. Б.з.д. IV ғасырда грек философы Аристотель "бірінші философия", "бірінші ғылым" «бірінші философия» деп қай терминді мегзеді? Метафизика; Онтология; Антология; Метафора; Метанализ. Ортағасырлық христиандық философия кезеңінің белді өкілі әулие Августин өзінің «Тәубеге келу» еңбегінде «уақыт Құдайдың еншісінде, өткен күндер – енді жоқ, ал болашақ – әлі келген жоқ» деп жазып болмыстың үздіксіз болуын неге балады? Осы шаққа. Болашаққа; Бала шаққа; Өткен шаққа; Келер шаққа; Алгебралық символизм авторы, рефлексологияның негізін салған аналитикалық геометрияның "атасы" деген аттаққа ие болған, бастысы, дүние екі бастамадан, яғни «болмыс және ойлаудан» тұрады деп екі бірдей субстанция туралы ғылымды жақтаған кім? Рене Декарт; Жан Жак Руссо; Пико делла Мирандоло; Дени Дидро; Клод Адриан Гельвеции. Ерік онтологиясын зерттеп «Ерік пен Елестер ретіндегі әлем» атты кітап жазған Артур Шопенгауэр барлық философтардың жіберген қателігі – адамға негіз болатын интеллект деуінде, шын мәнісінде, адамға негіз бола алады деп нені көрсетті? Ерік-жігерді; Қабілет-қарымды; Пайымды; Ақыл-парасатты; Елесті. «Болмыс және уақыт» еңбегінің авторы, «Dasein» - өмірлік тәжірибе, күнделікті өмір, әлемде болу, болмыспен бірге болу, болмыспен кездесу, шапшаңдық және қамқорлық құрылымы сияқты негізгі феноменологиялық постулаттарын қолданған философ? Мартин Хайдеггер; Артур Шопенгауэр; Серен Кьеркегор; Шеллинг; Фихте. Философия тарихында таным мәселесі қандай бөлімде қарастырылады? Гносеология; Метафизика; Герменевтика; Онтолология; Фенеменология. Гносеологияның батыстық баламасы эпистемология, адам білімінің табиғатын, шығу тегі мен шектерін философиялық тұрғыда зерттеу мағынасына ие гректің «epistēmē» сөзінен шыққан, алайда оның этимологиясы қандай? Білім және logos ілім; Ғылым және таным; Сезім және ілім; Болмыс және таным; Ғылым және сезім. Адамдардың барлығы дерлік өздері өмір сүретін әлемді түсінгісі келеді және олардың көпшілігі оны түсінуге көмектесу үшін әртүрлі теориялар жасайды деген әлем ұстазы Аристотель бойынша философия неден басталады ? Таңқалу және шатасудан; Ерік пен жігерден; Таңдау мен бостандықтан; Таңқалудан және қиналудан; Күмәнданудан. «Адамның психикалық өмірі физикалық заңға бағынбайтын материалдық емес болмыстың болуына байланысты» деген тұжырым жасап, философия тариханда ақыл-ой проблемасын зерттеген ғалымдардың бірі? Рене Декарт; Жан Жак Руссо; Пико делла Мирандоло; Дени Дидро; Клод Адриан Гельвеции. Философ-жазушы Луис де Меранда бойынша тірі және рухани процестердің көп өлшемділігі мен көп бағытын біріктіретін және тоғыстыратын интеллект қалай аталады? Креалектикалық интеллект; Логиклық-математикалық интеллект; Әлеуметтік интеллект; Шығармашылық интеллект; Визуалды-кеңістіктік интеллект. Ұлт ұстазы Хәкім Абай бойынша адамды адаммен теңестіретін, ақиқатты танудын негізгі көзі не? Білім; Қанағат; Арман; Шүкіршілік; Мақсат. «Таным» ұғымын әртүрлі әдемі түстерден рақат алу, табиғат құбылыстарының жаратылысы, ондағы дыбыстардың сан алуандылығынан ерекше әсер алу деп түсініп, сұлулықты сезіну адамның өмірге деген қызығушылығын, даналыққа құштарлығын, қабілетін арттырады деп сенген қазақтың лирик ақыны? Мағжан Жұмабаев; Әлихан Бөкейханов; Ахмет Байтұрсынов; Ілияс Жансүгіров; Сәкен Сейфуллин. Неміс философы И.Кант үшін практикалық зерде мен пайымдау қабілетін талдауға апаратын саты? Таза зерденің сыны; Жанама зерденің сыны; Қос зерденің сыны; Сыни зерденің сыны; Қиял зерденің сыны. Адамның жоғары, рухани сезімінің жұтаңдауы, оның нәтижесінде адамгершілік сезімінің жұтаңдауын байқаған академик Ж.М. Әбділдин бойынша бүгінгі таңда жетілу мен даму мақсатында қандай теория қажет? Сезімталдық теориясы. Танымдық теориясы; Патроиоттық теориясы; Бостандық теориясы; Зеректік теориясы; Қазақстандағы кәсіби философияның қалыптасуы мен дамуы үшін «Ақиқат», «Жақсылық» және «Сұлулық» сынды бір-бірінен ажырамастай, үйлескен бірлікте болуы үшін қазіргі жаңаша «үш сыншыны жасауға» шақырған отандық академик? Ж.М. Әбділдин; Ә.Н. Нысанбаев; Ғарифолла Есім; Қ. Ш.Шүлембаев; Т.Х.Ғабитов. Ғылым, техника және технология әлеуметтік өмірдің өте күрделі құбылыстары және олар адам өмірінің терең негіздерімен байланысты екені анық, алайда оның тұрақты көрінісі Еуропада қай ғасырда және қай кезеңнен бастау алды? XVII ғасыр, яғни «Жаңа кезең»; XV ғасыр, яғни «Қайта өрлеу кезеңі»; XІII ғасыр, яғни «Орта кезең»; XVIIІ ғасыр, яғни «Француз ағартушылар кезеңі»; XIХ ғасыр, яғни «Неміс классикалық кезеңі». ХХ ғасырдың екінші жартысында ғылым мен техниканы бағалаудағы «оптимистік», «пессимистік» және «бейтарап» деген үш ұстанымды қалыптастырған ғалым? К. Ясперс; А.Камю; Ж.П. Сартр; Г.Марсель; М.Хайдеггер. Әр кезеңдерде технологиялар үнемі адаммен, оның ақылымен бәсекеге түсетіні ақиқат, алайда XXI ғасырда әлем нешінші өнеркәсіптік революциямен бет түйісті? Төртінші; Екінші; Үшінші; Бірінші; Бесінші. Қоғамды, табиғи ортаны және әлеуметтік-техникалық, табиғи-техникалық, техникалық-технологиялық біріктірілген техносфера, индустриялық және постиндустриалдық сатыдағы экономикалық, ғылыми, мәдени байланыстарға жүгінетін тарихи дамуды жалпылама қандай қоғам атауға болады? Техногендік қоғам; Өркениетті қоғам; Ашық қоғам; Демократиялық қоғам; Жетілген қоғам. Үнемі өзгеріп отыратын және қоғамда белсенді қолдау табатын жаңа үлгілердің, идеялардың, тұжырымдамалардың құндылықтарын жалпылама қандай өркениет деп атауға болады? Техногендік өркениет; Мәдениетті өркениет; Тұйықталған өркениет; Шексіз өркениет; Технократиялық өркениет. Білім беруді тиісті түрде назар аударатын кәсіпорын ретінде қарастырып, сыни және рефлексивті ойлауды оның ең жоғарғы функциясы ретінде дамыту қажеттілігін айтқан ғалым? Джон Дьюи; Бертран Рассел; Ричард Питерс; Пауло Фрейре; Альфред Уайтхед. Білім беруді саяси институт ретіде қарастырып, оқушыларды белгілі бір тұжырымдарды қабылдау арқылы өз бетінше ойлауға итермелеудің орнына оларды мәжбүрлейтін білім беру жүйесіне иеміз деп наразылық білдірген ғалым? Бертран Рассел; Джон Дьюи; Ричард Питерс; Пауло Фрейре; Альфред Уайтхед. «Білімді адам» моделінің нұсқасын қалыптастырушы ретінде қазақтың жазба тілінде әліппесі мен тұңғыш халық грамматикасын ендірген педагог кім? Ыбырай Алтынсарин; Абай Құнанбаев; Шоқан Уәлиханов; Қаныш Сәтбаев; Ахмет Байтұрсынов. «Қазақ ғылымының атасы» академик Қаныш Сәтбаев Жезқазған және Қарсақбай ауданындағы пайдалы қазбалар кен орындары геологиясын зерттеген қазақтан шыққан тұңғыш геолог. Ол геологиялық барлау жұмыстарын жүргізді, оның жетекшілігімен бұрғылау мастерлері, сызба сызушылар, прорабтар және т.б. кадрлар қалыптасты, Жезқазған мыс кен орнының қоры бұрынғыдан әлдеқайда көп екенін дәлелдеді. Осы жаңалығы үшін оған 1940 жылы КСРО жоғары мемлекеттік наградасы – Ленин ордені берілді. Кейінірек оған тағы төрт орден табыс етілді, алайда ол орта білім беру саласына қандай үлес қосты? «Алгебра» оқулығын жазды. «Тарих» оқулығын жазды; «Геометрия» оқулығын жазды; «Физика» оқулығын жазды; «География» оқулығын жазды; Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласына негізделген «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының басты мақсаты қандай? Гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік деген университет оқулықтарын түрлі тілдерден қазақ тіліне аудару; Гуманитарлық ғылымдардың мәртебесін көтеру; Қазақ тілінің мәртебесін көтеру; Аударма жүйесін жаңғырту; Жаңа оқулықтар жазу. Философия – өмір туралы ғылым, яғни адамды түсіну және оны адамға түсіндіруді жеңілдету, демек, философиямен айналысу үшін не істеу керек? Адам мәселесін зерттеу керек; Адам туралы үнемі ойлану керек; Адамдар туралы айту керек; Адамдар туралы материалдар жинау керек; Адамды түсіну мүмкін емес деген тоқтамға келу керек. Нобель сыйлығының лауреаты Гарольд Юри мен оның аспиранты Стенли Миллер жасаған төтенше жағдайларда өмір сүріп, өркендей алатын өмір туралы әлемге әйгілі эксперимент қалай аталады? Экстремофилдер; Метаногендер; Архебактериялар; Ацидофилдер; Актиномицеттер. Үнділерше «сансара», латынша реинкарнация, ал гректерше «метемпсихоз» нені білдіреді? Жандардың орын ауыстыруы, қайта туылуы, жалпы өлімсіз адамды түсіндіру; Жан мен тәннің әрекеттесуі мен бөлінуі; Адам жанының жойылуы туралы қағидаттар; Адам бостандығы мен оның таңдау құқығын анықтау; Жанның адам денесінде тұйықталуы; «Адам - бұл барлық нәрсенің өлшемі» атты аса танымал пайымның авторы кім? Протагор; Платон; Аристотель; Сократ; Плотин. Қай кезеңде адамды «индивидуализм», «зайырлылық» және «материализм» құндылықтары арқылы өлшеуге болады деп есептеді? Қайта өрлеу дәуірі; Идеализм; Материализм; Гуманизм; Деизм. Адам және адамның өмірі туралы толғанбаған ойшыл жоқтың қасы. Философия тарихында адамға анықтама берген тұлғалар қатары жетерлік. Соның ішінде «Шаттыққа шомылып, өз өмірінің мәнін жоғалтпайтын адам» деген адамға берілген анықтама иесі кім? В.Франкл; Д.Франклин; Э. Кассирер; Б. Паскаль; Г.Маркузе. Қазақ ойшылдары ішінде адам мәселесіне тереңінен тоқталып, адамды «ар-ұждан» иесі деп атаған данышпан кім? Шәкәрім Құдайбердіұлы; Абай Құнанбаев; Шоқан Уәлиханов; Ыбырай Алтынсарин; Ахмет Байтұрсынов. Абайдың өз шығармаларындағы негізгі ұстанған этикалық қағидасы – «Адам бол!» деген үндеуі. Ай мен күн – аспан әлемінің әшекейі, орман мен жемістер – таудың әшекейі, ал жердің сәні – не? Адамдар. Жан-жануарлар; Қымбат терілі аңдар; Бағалы балықтар; Өзен-көлдер; Шәкәрімнің айтуы бойынша адамның ұлы мақсатқа жетудегі басты кедергісі оның нәпсісі. Егер адам берілген ерікті дұрыс пайдалана алмай, нәпсіге еріп тән құмарына беріліп кетіп, негізгі мақсатты тәрік етсе, онда ол ненің қатарына еніп кетеді? Хайуанның; Ақымақтың; Ібілістің; Жалқаудың; Аурудың. 21 ғасырдың емделуі қиын ауруларының бірі, яғни маңызды істі кейінге қалдыру әдеті, шешім қабылдай алмау, ішкі мотивацияның жоқтығы, жоспарлай алмау немесе жоспарланған жұмыстардың нәтиже бермеуі, қорқыныш пен үрейдің мазалауы, адамның өзіне деген сенімділіктің тым көптігінен сосын жасай саламын деген сенімінің мақсатқа жеткізе алмауы ғалымдар тарапынан қандай атауға ие болды? Прокрастинация; Акрасия; Фрустрация; Абулия; Интроекция. Төмендегі адам болмысының негізгі 4 категориясы ішінен артығын табыңызм, өмір және өлім болып табылады? Сәттілік; Сенім; Бақыт; Өмір; Өлім. Бақытқа жету жолын нұсқап, «Бақыт формуласын» ұсынған қазақ топырағынан шыққан шығыстық ғұлама? Әл-Фараби; Әл-Бируни; Әл-Хорезми; Ибн Сина; Омар Хайям. Адам болмысы негізгі 4 категориясының бірі, денотативті және коннотативті түсіндірмеге ие, адам психикасында үмітпен тұжырымдалатын категорияны табыңыз? Сенім; Бақыт; Сәттілік; Өмір; Өлім. Қазақ халқының ислам дінін қабылдағанға дейінгі діни сенімі қалай аталады? Тәңіршілдік; Пұтқа табыну; Көк бөріге табыну; Аруақтарға құрмет көрсету; Әулие, пірлерді ұлықтау. Концлагерьдегі өмірімен әлемге әйгілі, психотерапиялық жәрдем көрсету әдісін өз тәжірибесі нәтижесінде қалыптастырған Виктор Франклдың ғылыми айналымға енгізген ілімі? Логотерапия; Музыкатерапия; Психотерапия; Тұлғалық терапия; Арт-терапия . «Ей, қаланың тұрғындары! Өлімнен қорқуды доғарыңдар! Доғармайынша шынайы өмір сүре алмайсыңдар! Шынайы өмір. Ештеңеден қорықпай, жалтақтамай ойыңдағыңды айту, көлгірсімеу» деген мысырлық жазушы, драматург, сценарист, 1988 жылғы Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты кім, «Біздің көшенің балалары» атты роман авторы? Нагиб Махфуз; Махмуд Теймур; Мухаммед Зефзаф; Тахе Хуссейн; Ибрагим аль-Куни. «Өмірдің әрбір күнін теңдесі жоқ сый ретінде қуанышты сезіммен қабылдау керек, басқаларға тәуелді болмау, әр мәселе бойынша өз пікіріңді көрсете білу, өзгелердің пікірін де қабылдап сыйлау, қай жерде болса да, өзіңді қарапайым күндегідей ұстай білу абзал» деген ой иесі Маслоудың көпшілікке аса танымал «Маслоу пирамидасының» негізі неде? Қажеттілікте; Сенімде; Білімде; Байлықта; Бірлікте. Ұлт ұстазы Хакім Абай өз шығармашылығында адамшылықты ізгі іс принципінде көрсеткен және оны «пайдалы харекет» аудармасын беретін құран сөзімен берген. Ол қандай сөз? Ғамалус салих; Жауанмәрт; Уәктубиһи; Хауас; Ғақлиат тасдиқат. Ұлт данышпаны Шәкәрімнің өмір мен оның қайталанбастығы, фәни дүниедегі барлық нәрсенің өткіншілігі, бұл әлемде еркіндікке жетудің мүмкін еместігі туралы терең толғамдары, философиялық мазмұндағы картиналар мен терең образдары қандай жинақта жинақталған? «Бәйшешек бақшасы»; Жастарға; Үш анық; Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі; Мұсылмандық кітабы. «Әлдиле өлім, әлдиле!» деп мағынасы терең, мазмұны тұңғиық өлең жазған қазақ ақыны? Мағжан Жұмабаев; Мұқағали Мақатаев; Жұмекен Нәжімеденов; Фариза Оңғарсынова; Ақұштап Бақтыгереева. Грек сөзінен шыққан, тікелей «құндылық» деп аударылатын құндылық теориясын және оның қатынастарын жіктейтін, әрі зерттейтін философиялық ілім қалай аталады? Аксиология; Гносеология; Этика; Эстетика; Эпистемология. Аристотель әділеттілік, модерация және эвдемонияны бақыттың негізгі қасиеттер ретінде анықтай отырып қандай ғылымның негізін салды? Этика; Аксиология; Гносеология; Эстетика; Эпистемология. Ежелгі гректің «білгір», «шебер», «суретші» деген сөздер мағынасын білдірген, адамдарды дау-дамайлар мен сот процестерінде жауларын жеңу өнерін үйреткен, қара түсті ақ, ал ақты қара деп бейнелеу қабілетіне ие, табиғат заңдары мен әлеуметтік заңдарды бөліп алған адамдар тобы қалай аталды? Софистер; Сократиктер; Деистер; Перепатетиктер; Идеалистер. Төмендегі софистер ішінен «Құдайлар туралы» кітап жазған, алайда көп ұзамай тұтқындалып, өлім жазасына кесілген, Фурий қаласы үшін заңдар жазған, сөйлеу өнері – риторикамен, дәлелдеу өнері - эрикизмнің кәсіби мұғалімі болған бас софистті атаңыз? Протогор; Горгий; Гиппи; Продик; Антифонт. Ғалым И.Бентам адам бойындағы борышты этикалық құндылықтармен туындаған мәжбүрлеудің ішкі тәжірибесі ретінде қарастыра отырып, адам борышының проблемаларын сипаттады және оған қандай атау беріп ғылыми айналымға енгізді? Деонтология немесе деонтологиялық этика; Әлеуметтік этика; Биоэтика; Іскерлік этикасы; Саяси этика. Утилитаризм адамды «жақсы» не «жаман» деп бағаламайды, оған «жақсы болды ма?» немесе «жаман болды ма?» деп оның жағдайына баға береді. Утилитариизм термині латынның «utilis» деген сөзінен шыққан, осы сөз қандай аудармаға ие? Пайда; Қаржы; Борыш; Ақша; Г) Үміт. “Құтты білік” поэмасымен аса танымал ғалым Жүсіп Баласағұн бір-бірімен үйлескен жағдайда елді бақытты ететін төрт құндылықтың артығын табыңыз? Рахым; Әділет; Дәулет; Қанағат; Ақыл. Сенің дініңе, сал-дәстүріңе, тіліңе т.б. ұқсамайтын немесе өзгеше құндылықтарға теріс қарау, мазақтау, қорлау т.б. залалдар келтіруге болмайтынын мегзейтін мәдени термин? Мәдени релятивизм; Консеквенциализм; Деонтология; Утилитраизм; Этика. Қоғамда әр түрлі жағдайда, әр түрлі мерзімде және әр түрлі форматта қарым-қатынасқа түсетін ұлт өкілдері мен олардың көзқарастары және түсінік-пайымы сәйкес келмеген жағдайда өзін-өзі бақылау, ұстамдылық, төзімділік, дәрменсіздік, менмендік, сабырлық, сыпайылық т.б. шыдамдылық механизмдері шекарасын белгілеп, сол аралықта өзін лайықты ұстау қағидаттары қандай тәрбие түрін көздейді? Толеранттық тәрбие; Дәстүрлі тәрбие; Этнотәрбие; Экологиялық тәрбие; Эстетикалық тәрбие. Антик ғұламаларының бірі Эпикур: «Дүниені зерттеу – ол адамның негізгі мақсаты емес, адамның негізгі мақсаты – бақытты өмірге жету. Ал оған жету үшін адамдар ғарыштың қандай екенін, Құдайлар бар ма, әлде жоқ па, өмір мен өлім жөнінде, табиғаттағы адамның үрейін туғызатын құбылыстар жайында өздерінің түсініктерін қалыптастыруы керек. Сонда ғана адам бақытты өмірге жете алады» -дей келе қандай ғылымды оқуға кеңес береді? Философия; Логика; Әдебиет; Тарих; Математика. Ерік бостандығы еркін әрекет ететін жердегі ішкі еркіндік сезімі, алайда өзінің ерік-жігері сәтсіздікке ұшырағандықтан, кейбір адамдар өз еркімен қалаған әрекетін жасай алмайтын адамға айналғанда неге тәуелді болады? Өз құмарлықтарының құлы болады; Қожайынының құлы болады; Өз ой-пікірінің құлы болады; Өзгелердің ой-пікірінің құлы болады; Қоғамның құлы болады. Шумерліктердің сына жазуы, яғни бостандық идеясын білдіретін жазба символы, болжам бойынша бостандық ұғымының ең алғашқы жазбаша көрінісі «Ама-ги» белгісі құлдардың босатылуы деген мағынаға ие, алайда бұл сөзбе-сөз қалай акдарылады? Анаға оралу; Отанға оралу; Әкеге оралу; Туған жерге оралу; Сүйіктіңе оралу. Зорлау, кісі өлтіру, ұрлық және т.б. сынды дәстүрлі заңдар бостандықты сақтайды және кеңейтеді, сол себепті заңның үстемдігі бостандық үшін өте маңызды деп заңның дұрыс жазылуы мен сақталуын құптаған философ? Д. Локк; Б. Спиноза; Вольтер; Ш.Л.Монтеське; Д.Дидро. «Басқа біреу үшін емес, өзі үшін өмір сүретін адам – еркін» деген тамаша қағидаттың авторы? Аристотель; Платон; Сократ; Пифагор; Протогор. Адам айыптаусыз кез-келген нәрсені жасай алады деген идеяны алғаш рет айтқан философ кім? Вольтер; Д. Локк; Б. Спиноза; Ш.Л.Монтеське; Д.Дидро. «Ақыл-ойды жетiлдiру туралы трактат», «Этика», «Саяси трактат» сынды танымал еңбектерімен ерекше Спиноза «Табиғаттың ажырамас бөлiгi ретiнде адам бүкiл дүниелiк шытырман қарым-қатынастарға кiредi. Соның iшiнде ол ең алдымен өзiн сақтап қалуға тырысады. Ал мұның өзi оның неше түрлi сезiмдерi мен құмарлықтарын тудырады» дей келе оған қандай атау береді? Аффектілер (сезім қысымы); Эффект Эйфория Адаптация; Акцентуация. Философия тарихында орны ерек француз философтардың бірі Жан Поль Сартр үшін адамдар қайғы-қасіретке толы және терең жауапкершілік сезімін сезінеді, алайда өмір соншалықты қорқынышты емес деп бостандықты неге балады? Бостандық – ол айыптау; Бостандық – ол шарасыздық; Бостандық – ол үміт; Бостандық – ол қайғысыздық; Бостандық – ол қоқыныш . Әлемдегі ең еркін елдерді анықтау мақсатында HFI (Human Freedom Index ) деп аталатын «адам бостандығы индексі» жүргізіледі. Бұл зерттеуге әлемнің 165 елі қатынасқан, 2021 жылғы есеп бойынша бірінші орынды иеленген ел? Швейцария; Дания; Эстония; Канада; Финляндия. XVII ғасырдың аяғында қазақ ханы Тәуке хан «Жеті жарғы» заңын шығарған. «Жеті» сөзі толықтық, жетілгендікті білдіреді, ал «Жарғы» сөзі нені білдіреді? Әділдік; Бұлжытпай орындау; Құрметтеу; Сақтау; Ақылдылық. Ұлт данышпаны Хакім Абайдың әр қазақ үшін белгілеген ұмтылыс биігінің нақ межесі қайсы? Толық адам; Парасатты адам; Жетілген адам; Ар ғылымы; Хәл ілімі. Гректің «сезіну» сөзінен шығып, «сұлулық», «әсемдік» деген мағына ие болған және осы тәжірибені концептуалды-теориялық зерттеуге айналдырған философия саласы? Эстетика; Этика; Логика; Гносеология; Онтология. Көптеген ғалымдар мен философтар әлемдік ойға негіз болар еңбектер жазса да өнерден кенде болмаған. Олар өлеңдер мен романдар жазған, суреттер салып, музыкалық аспаптарда ойнаған, мүсіндер жасаған. Мәселен, атақты физик Эйнштейн қандай музыкалық аспапта еркін ойнаған? Скрипка; Виолончель; Пианино; Гитара; Барабан. Антика алыптары Платон мен Аристотель бөліктердің жақсы пропорциясы немесе қатынасы бола алатын және әдеміліктің себебі емес, әдемі заттардың қасиеттерінің бірі деп нені атады? Симметрияны. Гармония; Симфония; Аналогия; Пропорция; Эстетика ұғымы аясында гректің "калон" термині эстетикалық термин ретінде қолданылды, алайда ол қандай мағынаны білдірді, қалай қолданылды? Бір істің қолайлы немесе жақсы орындалғанын білдіру; Бір істің аяқсыз қалғанын білдіру; Бір істің пайдалы болғанын білдіру; Бір істің танымды болғанын білдіру; Бір істің шығынсыз орындалғанын білдіру. Батыста аса танымал болған тарихи және діни тақырыптағы суреттердің авторы, баталист А.И. Шарлемань суреттері несімен ерекшеленді? Көмір немесе қара карандашпен салынды; Нүктелер жиынтығымен салынды; Табиғи бояулармен салынды; Тек сызықтармен салынды; Синтетикалық бояулармен салынды. Ватикандағы Апостол сарайында табылған төрт фресканың бірі және онда барлық ұлы ғалымдар, философтар мен математиктер идеялармен бөлісу және бір-бірінен үйрену үшін жиналғаны баяндалған. Ол қандай сурет? Афина мектебі; Жердегі ләззат бағы; Құпия кеш; Венераның туылуы; Адамның жаратылуы. Бейнелеу мен өрнекті білдіру үшін жиі қолданылатын термин? Имитация; Мифологема; Эскапизм; Мимесис; Симулякр. Шын мәнінде түпнұсқасы жоқ көшірмені қалай атайды? Симулякр. Мифологема; Имитация; Мимесис; Эскапизм; Домбыра – қазақтың музыкалық мәдени тарихында негізгі өте ертеде пайда болған және халық арасында кеңінен таралған көне аспаптардың бірі. Музыка майталмандары А.Жұбанов, Б.Сарыбаев, Б.Байқадамов домбыраның қай қырын зерттеген? Домбыраның физикалық қасиеттері және геометриялық өлшемдерін; Домбыраның өзге аспаптармен ұқсастығы мен айырмашылығын; Домбыра жасалған құралдар мен олардың авторларын; Домбыраның шығу тарихын; Домбыраның гитарамен бірігуін. Күй - өте көне өнер, оның шығарма ретінде қалыптасуы ұлт емес, ұлыстық дәуірден бастау алады. Күйші Ықылас Дүкенұлының «Ерден», «Айрауық», Тоқа Шоманұлының «Төрт толғау» сияқты күйлері неге арналған? Өлімді естіртуге; Өмірді құлшындыруға; Ынжықты жігерлендіруге; Қорқақты қайсарландыруға; Намысты оятуға. Философия тарихына шамамен ХІХ ғасырдың екінші жартысында тарих филосфиясының саяси-құқықтық мәселелерін дамыту мақсатында еніп, қоғамдық өмірдің мәні және іргелі заңдылықтармен, социум болмысының логикасымен, қоғам мен тұлғаның өзара байланысы және өзара қатынастарымен, жалпы әлеуметтік таныммен қатар, қоғам мен адам туралы философиялық пайымдар принциптері және логикасы, заңдылықтары, ерекшеліктерімен байланысты саланы атаңыз? Әлеуметтік философия; Тарих философиясы; Білім және ғылым философиясы; Мәдениет философиясы; Дін философиясы. Қазіргі таңда әлеуметтік проблемалар көптеген адамдар үшін аса маңызды. Гендерлік сәйкестілік, трансгендерлік құқықтар, нәсілшілдік, мүгедектік немесе мәдени тарихтың салдары, тұрмыс тауқыметі т.б. мәселелер, мұның бәрі әлеуметтік-философиялық мәселелер, демек әлеуметтік философия қоғамда тікелей неге ықпал етеді? Әлеуметтік өзгерістерге; Ұлттық дәстүрлерге; Әлеуметтік тәжірибелерге; Саясат сатыларына; Философияға. Платон ұсынған тұжырымдама қандай мемлекетті көксейді? Әділ мемлекет. Халық үнін еститін мемлекет; Халыққа жақын мемлекет; Парасыз мемлекет; Бақытты мемлекет; Төмендегі Платон ұсынған мемлекетті басқарудың бес түрінің ішіндегі Қазақстанның басқарылу типін нұсқаңыз? Демократия; Тимократия; Олигархия; Аристократия; Тирания. Бір-бірімен және қоршаған ортамен үнемі үзіліссіз күресте болатын тірі ағзаларға ұқсас «мәдени-тарихи типтердің» тіршілік ететіндігі туралы негізделген идея бойынша төмендегі стадиялардың артығын табыңыз? Қайта туылу. Гүлдену; Қартаю; Өлім; Пайда болу; Біздің дәуіріміз басталғанға дейінгі рим тарихшысы Полибийдің 40 томдық «жалпы тарихы» және қытай тарихшысы Сыма Цяньнің «тарихи жазбалары» қоғам тарихын айналым, циклдік қозғалыс ретінде қарастырды. Үлкен тарихи циклдер идеясын біздің дәуіріміздің басында ұсынған араб тарихшысы кім? Әл Бируни; Ұлықбек; Әл Хорезми; Ибн Халдун; Ибн Бажд. Үлкен тарихи циклдер идеясын ұсынған Әл Бируниді бірнеше ғасыр өткен соң жалғастырған Тунистік ғалым? Ибн Халдун; Әл Бируни; Әл Хорезми; Ұлықбек; Ибн Бажд. Локалды өркениеттің мәдени-тарихи типі туралы идеяны 1918 жылы О. Шпенглер өзінің қай еңбегінде жариялады? «Еуропаның батуы» «Үшінші толқын»; «Өркениеттер қақтығысы»; «Ресей және Еуропа»; «Адамзат тарихының философиясына деген ойлар»; Ақпараттық қоғамның ең маңызды теорияшылдардың бірі Мануэль Кастельс ұсынған ұғым қалай аталады? Желілік қоғам; Постиндустриалды қоғам; Әділ қоғам; Позитивті қоғам; Салауатты қоғам. ХХ ғасыр қозғалмалы қоғамды арнайы зерттейтін «Әлеуметтану» ғылымын дүнеиеге әкелді. Көптеген әлеуметтанушылар қоғам мен әлеуметтік өзара әрекеттесуді зерттеуге өз үлестерін қосты, солардың бірі әрі бірегейі Эмиль Дюркгейм өзінің қандай ұғымымен танымал? Функционализм; Қақтығыс теориясы; Символдық интерактивизм; Ашық қоғам; Қоғамдық келісім. Адамның табиғатпен өз байланысын сезінуі, сондай-ақ оның қоршаған ортадан ерекшелігін ажырата алуы ғана түсінетін рухани өмірдің алғашқы формасы қалай аталады? Мифология; Философия; Тарих; Болмыс; Таным. Мифтер инициациялық қатынастардағы техника дамуының бастапқы көрсеткіштік сипатына ие. «Инициация» латынның «inito» сөзінен енген, алайда оның аудармасы қандай? Бастау, арнау, культтік құпияға ену; Ұлттық дәстүрлер жиынтығы; Өмірілік тәжірибелер жиынтығы; Дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы; Даналықты меңгеру тәсілі. Батыс Еуропалық ортағасырлық философияның ең үлкен жетістігі? Филоософиялық теологияның құрылуы; Ерік бостандығын нығайтуы; Аристотель еңбектерінің алғашқы латын аудармаларының келуі; Этиканың пайда болуы; Ағартушылық философияның басым болуы. Еуропалық Қайта Өрлеу деп аталатын кезең Шығыстан алып келген жаңалықтар нәтижесінде өрбіді. Батыс жарты шарды ашуға себеп болған, физикалық авантюралардың жаңа рухын және табиғи әлемнің құрылымына жаңа ғылыми қызығушылықты білдірген, навигацияның қауіпсіздігі мен ауқымын жақсартқан шығыстық жаңалықты атаңыз? Компас Жылжымалы баспа (типография); Зеңбірек; Карта; Құмсағат Жоғарыда аталған шығыстан батысқа келген жаңалықтар ішіндегі білімді кеңінен таратып, оқуды зайырландырып, шіркеу элитасының зияткерлік монополиясын азайтып, Греция мен Римнің әдеби және философиялық классиктерін қалпына келтірген өнертабыс? Жылжымалы баспа (типография); Құмсағат; Зеңбірек; Карта; Компас. Ағылшын тарихшысы және әлеуметтанушысы А.Дж.Тойнби өзінің қай еңбегінде адамзат дамуын «өркениеттер» айналымы рухында мазмұндауға ұмтылып, бұл терминді «мәдениеттің» синонимі ретінде қарастырды? «Тарихты зерттеу»; «Үшінші толқын»; «Өркениеттер қақтығысы»; «Адамзат тарихының философиясына деген ойлар»; «Еуропаның батуы». Эпистемология, дін философиясы және саяси теориямен шұғылданған ғалым Карл Ясперс өзінің "Тарихтың пайда болуы мен мақсаты" атты еңбегінде қандай аса маңызды теориясын ғылыми айналымға енгізді? Осьтік кезең теориясы; Пассионарлық теориясы; Экономикалық теория; Өркениет теориясы ; Тарихи-мәдени типтер теориясы. «Қазақстан» атауы алғаш рет ХҮІ ғ. бірінші жартысында, Зайнаддин Әбді-аль Джани Васифидің «Бадал ал-Вакай», яғни «Ғажайып оқиғалар» атты шығармасында кездеседі. «Қазақстан» – термині белгілі бір дәрежеде ХҮ-ХҮІ ғғ. өзінде-ақ этногеографиялық ұғымда қолданылған. Қазақстанның негізгі ұлты қазақтар, қазақтың елдік ұғымы, ұлттық идеясы қандай және оның аторы кім? Асан Қайғының Жерұйығы. Бұқар жыраудың бірлікке шақыруы; Қорқыттың өліместік ілім; Абайдың Толық адамы; Тәуке ханның Жеті Жарғысы; Мәдениеттің ерте немесе кеш, жылдам не баяу дамуына табиғаттың ықпалы мол екендігін дәлелдеп, «салқын үйек» пен «суық үйектегі» жерлерге мәдениет адам баласы табиғатпен тартысудың тәсіліне жетіп, ғылым, өнер біліп, табиғат жайсыздығын жағдайлы етуге жетілген кезде орнаған деген ғылыми тұжырым жасаған қазақ ғалымы? А. Байтұрсынов; Ш. Уәлиханов; Ә. Бөкейханов; Қ. Сатбаев; М. Дулатов. Қазақ ғалымы А. Байтұрсынов өркениетті жіктеудегі басты мәселе географиялық факторлар, яғни климат, жердің топырағы, суы, кені, жан-жануары, демографиясы деп түсініп, өркениет дамуының алғышарттарын сипаттама жасады, оған қоса тағы қандай талдама жасады? Өркениеттің эволюциялық жолына талдау жасады; Мәдениетті өркениеттің синонимі ретіндегі талдама жасады; Өркениеттердің тарихи цикльдік талдамасын жасады; Осьтік уақыт кезеңі талдамасын жасады; Өркениеттер қақтығысы талдамасын жасады. Әлемнің көптеген сөздерінде «Din» латынның «Religio» сөзімен аса танымал, алайда қазақ халқы халықаралық религия сөзін емес, дін сөзін қолданысқа енгізген, ол сөз тілдік қорымызға қайдан енеген? Араб тілінен; Түрік тілінен; Парсы тілінен; Грек тілінен; башқұрт тілінен. Жалпы дінге берілген анықтамалар қатары тым көп. Біреулер «Дін - бұл рухани тіршілік иелеріне деген сенім» десе, екіншібіреулері «Дін сенуші адамдардың мінез құлқын қайта жасауға мүмкіндігі бар ақиқаттар жүйесі» дейд, алайда «Ғылым Жаратушының жаратқандарын зерттейді» деген ерекше тұжырым айтқан кім? А.Эйнштейн; Дж. Фрейзер; Э. Тайлор; А.Н. Уайтхед; Э. Бенвеннист. Танымал ғалым Эдмунд Гуссерль тұжырымдаған дінді академиялық зерттеудің әдіснамалық тәсілі қалай аталады? Дін феноменологиясы; Дінтану; Салыстырмалы дінтану; Дін туралы ғылым; Дін онтологиясы. Діннің алғашқы формасы? Мифология; Архетип; Аллегория; Символика; Шаманизм. Өмірінің 40 жылға жуық уақытын үнді тайпаларын зерттеуге арнап, өзіндік мәдени өмір салтын зерттеп, үлкен және өте құнды тарихи материалдар жинаған, отбасылық қатынастар мен туыстық тарихты ашқан американдық ғалым кім? Л. Морган; Идеализм; Легизм; Гуманизм; Деизм. Буддизм, әлемдегі негізгі діндердің бірі, б.з. д. VI ғасырда Үндістанда пайда болды. Буддистер адамдардың медитация жасау және будда белгілеген өмір салтын дамыту арқылы азаптан арылуға мүмкіндігі бар деп санайды. Будда қайтыс болғанға дейін көптеген дәрістер оқыды, ал оның ілімдері не деп аталды? Дхарма; Сутра; Мантра; Хинаяна; Рамаяна. Әлемдегі ең кең таралған, яғни 2 миллиардтан астам ізбасарлары бар және Исаның туылуы, өмірі, өлімі және қайта тірілуі туралы сенімдерге бағытталған дінді атаңыз? Христиандық; Буддизм; Ислам; Индуизм; Зороастризм. Исламда әлемнің тұрмыстық қызығына қызықпайтын, өмірін толықтай құлшылыққа арнаған мистиктер мен аскетиктерді арабша «Авлия» деп атады, ал қазақша олар кімдер? Әулиелер; Аруақтар; Дәуріштер; Бабалар; Пірлер. Дат теологы, жазушы әрі философ Сѐрен Кьеркегор өзінің шығармашылығында әр адамның бойында болатын қорқынышқа, оның мәніне христиандық тұрғыдан түсінік береді. Осы мәселеге арналған «Қорқыныш туралы түсінік» деген еңбегі де бар. Ол осы шығармасында қорқынышқа не бастау болады деп мегзейді? Күнә; Қарыз; Парыз; Борыш; Кінә. Неміс философы Шлейермахер дін туралы философиялық ілімді құру қажеттілігін айта отырып, көбіне дін мен оның қағидаттарын қандай адамдар қабылдамайды деді, тіпті оларға арнап кітап жазды? Білімді адамдар. Жұмысшылар; Ауқатты адамдар; Надан адамдар; Кедейлер; Мемелекет халықпен бірге бірбағытта дамуы үшін мемлекеттік маңызға ие арнайы иедологиялық бағыттар қажет. Олар мемлекеттік бағдарлама ретінде халыққа қазмет етеді. 2004 жылғы мемлекеттік бағдарлама қалай аталады? «Мәдени мұра»; «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»; «Халық – тарих толқынында»; «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы»; «Мәңгілік Ел». 2014 жылы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев ХХІ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы? «Мәңгілік Ел». «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»; «Халық – тарих толқынында»; «Мәдени мұра»; «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы»; 2013 жылы қандай бағ¬дарлама арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік? «Халық – тарих толқынында»; «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»; «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы»; «Мәдени мұра»; «Мәңгілік Ел». Бүгінгі күнгі Қазақстанның жаңа жолы қандай жолдаумен байланысты? «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы»; «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»; «Халық – тарих толқынында»; «Мәдени мұра»; «Мәңгілік Ел». «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы - Қазақстан халқын біріктіретін, елдің басты мақсатынан шығатын және соған толық жауап беретін идея, алайда ол болмысқа айналу үшін талқыға түскен төмендегі атрибуттары ішінен артығын белгілеңіз? Табандылық; Тұрақтылық; Тұтастық; Түсіністік; Татулық. Атаның балаға берілетін биологиялық-болмыстық негіздерін «Ген» десек, бүтін бір халықтың болмысын, біртұтас ішкі қасиеттерін халықтан халыққа беретін негіз не? Мем; Салт-дәстүр; Әдет-ғұрып; Архив; Халық ауыз әдебиеті. 1980 жылдарға дейін ол гипотеза ретінде пайдаланылып, аса бір ғылыми статусқа ие бола алмаған «Мем» ұғымы ағылшын тіліде «мим» деп оқылғанмен орыс тілінде «мем» болып ғылыми айналымға түсіп кетті. Оның ғылыми айналысқа тез еніп кетуінің бірден бір себебі, түбірдің «мемеос» деген латын сөзіне жақындығы болатын, ол сөз қандай аудармаға ие? Жады; Мінез; Болмыс; Дәстүр; Тектілік. Көрнекті еуразияшыл ғалым, тарихшы-этнолог Л.Н.Гумилев Еуразия құрлығының бірлігі, мәңгілігі туралы ойын кімдерден бастайды? Көне түріктерден Гректерден; Римдіктерден; Арийлерден; Славяндардан Тарихшы ғалым Х.Әбжанов «Мәңгі ел» – арғы бабаларымыздың ұлы интеллектуалдық серпілісі дей келе ежелгі Күлтегін жазуында «Мәңгі» сөзі неше рет қолданылған деген дәлел келтіреді? Бес Екі; Үш; Төрт; Бір «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Елбасының 2017 жылы 12 сәуірде жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізінде жасалған. Онда ұлтымыздың жаңа тарихи даму кезеңінің негізгі мақсаттары көрсетілген. Төмендегі жауап нұсқаларынан артық мақсатты табыңыз? «Қазақстанның 100 жаңа музыкасы» «Қазақстанның 100 жаңа есімдері»; Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық»; «Қазақстанның киелі географиясы»; «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет».