Бұл 12-ші дәріс «Қоғам және мәдениет» деп аталады, дәрістің атауында тұрғандай аса ауқымды тақырыптардың бірі. Дәріс мақсаты студенттің өзі өмір сүріп, әрі оның бір мүшесі болып отырған қоғамды философиялық тұрғыдан түсінуіне көмектесу және қоғамдағы өзгерістер, қоғам түрлері туралы түсінік қалыптастыру, оған қоса сол қоғамның болмысын анықтайтын мәдениет ұғымының мәніне үңіле отырып, әлемдік мәдениет пен ұлттық мәдениеттің философиялық мәнін ашу.
Әлеуметтік философия - әлуметтік және жекешеленген адам болмысы мәселелерімен айналысады. Бұл термин философия тарихына шамамен ХІХ ғасырдың екінші жартысында тарих филосфиясының саяси-құқықтық мәселелерін дамыту мақсатында енген. Бұл сала қоғамдық өмірдің мәні және іргелі заңдылықтармен, социум болмысының логикасымен, қоғам мен тұлғаның өзара байланысы және өзара қатынастарымен, жалпы әлеуметтік таныммен қатар, қоғам мен адам туралы философиялық пайымдар принциптері және логикасы, заңдылықтары, ерекшеліктерімен байланысты. Әлеуметтік философия – қоғамның өзіндік бет әлпетін, оның заңдарын, әлеуметтік идеалдарын, шығу тегі мен дамуын, тағдыры мен келешегін, әлеуметтік процестер қисынын сапалы түрде сипаттайтын философия бөлімі. Әлеуметтік философия шекаралы пән ретінде бір жағынан қоғамдық мәселелерді, екінші жағынан мәндес пәндерді, яғни саясаттану, антропология, мәдениеттану, психология және т.б. теориялық әлеуметтанудың категориялық-ұғымдық қатарлар контекстінде қорытындылайды. Әлеуметтік философия саласында еңбектер жазған Сен-Симон, Конт, Маркс пен Энгельс, Спенсер, Н.А.Бердяев, И.А.Ильин, П.А. Флоренский, С.Н.Булгаков, С.Л. Франк, М.К. Мамардашвили және т.б.
Әлеуметтік философияның зерттеу аймағы – қоғамдық өмірдің мәні, оның индивидуалды адам өмірімен қатынасы және қоғамдық өмірдің құндылық қырлары. Ал қызметтері ретінде дүниетанымдық, методологиялық, яғни диалектикалық, синергетикалық, герменевтикалық принциптер, танымдық-эвристикалық, аксиологиялық-тәрбиелеуші, болжамдық деп айтуға болады. 20-сыншы жүзжылдықта неомарксизм қоғамның теориялық реконструкциясындағы әлеуметтік парадигманы философиялық-антропологикалық және психолгиялық жолдармен біріктірді. Осылайша әлеуметтік философия адамның әлеметтенуімен емес, адам әлеуметтенуінің болмысымен айналыса бастады. Әлеуметтік философия әлеуметтік эволюция проблемалары және қоғамдық процестердің бағыттылықтарымен айналыса отырып, классикалық философия тарихын мұраға алған. 20 ғ. ортасында әлеуметтану - процестерді «адамдық өлшеу» тұрғысындағы әлеуметтік жүйе трансформациясы мен «адамдардың теорияға қайта оралуы» туралы сұрақты мойындауы мәселесі алдында кері шегінуге мәжбүр болды. Дәл қазір әлеуметтік проблемалар көптеген адамдар үшін аса маңызды. Гендерлік сәйкестілік, трансгендерлік құқықтар, нәсілшілдік, мүгедектік немесе мәдени тарихтың салдары, тұрмыс тауқыметі т.б. мәселелер, мұның бәрі әлеуметтік-философиялық мәселелер. Әлеуметтік философия әлеуметтік өзгерістерге ықпал етеді. Себебі ол метафизика, эпистемология және құндылықтар теориясы сынды бірқатар философияның дәстүрлі салаларымен тығыз байланысты. Түйіндеп айтқанда, әлеуметтік философия, 1) қоғам әлеуметтілікті қайта құрудың өзін-өзі ұйымдастыратын жүйесі ретінде; 2) адам өмірінің құндылық мағыналары мен тұрақтылықтарына байланысты тарихи процесс; 3) әлеуметтік шындықты барабар түсінудің мүмкіндіктері мен тәсілдерін зерттейтін әлеуметтік эпистемология. Әлеуметтік философия тұжырымдамалық тұрғыдан теориялық әлеуметтану мен тарих философиясын өзінің проблемалық өрісінің шегінде кесіп өтеді. Әлеуметтік философияның басты тақырыбы - " Біз кімбіз және Біз қайда барамыз?”.
Қоғам сөзі әлеуметтік философияның негізгі ұғымдарының бірі және ол белгілі бір құбылысты қамтитын әлеуметтік қатынастардың жан-жақты желісіне сілтеме жасау үшін қолданылады. Алайда, қоғам ұғымының мәнін ашу үшін қоғам туралы айтылған негізгі философиялық ойларға тоқталған жөн. «Қоғам», «мемлекет» деген кезде ең алдымен Платон еске түсері анық. Платон бізге "әділ мемлекет" тұжырымдамасын ұсынды. Ол мұндай мемлекеттің қалай ұйымдастырылатынын, оны кім басқаратынын, балалар қандай білім алатындығын және т.б. ұсақ-түйек мәселелерге дейін барлығын сипаттайды. Карл Поппер "Ашық қоғам және оның жаулары" кітабында Платонның идеалды мемлекеті тоталитарлық, сөз бостандығы шектеулі, әртүрлілігі аз және спартандық әлеуметтік өмірді реттеуге деген адалдығы бұзылған деп сыни мәлімдеме жасады. "Өз ісіңмен айналысу және ашуланбау — әділеттілік!" деп жазды Платон «Мемлекет» еңбегінің 433 бетінде. Демек, Платонша әдлеттілік - бұл өз рөлін орындау – өз әлеуетін оның шегінен шықпай жүзеге асыру. Бұл әділ мемлекетке де, әділ адамға да қатысты. Алайда, адам өзіне қажет нәрсені жасаған кезде, ол лайықты мойындауға және марапаттауға ие болады, ал егер ол өз міндетін орындамаса, ол тиісінше жазаланады. Кез-келген түрдегі артық немесе жетіспеушілік әділетсіз. Мысалы, ұры әділетсіз, өйткені ол өзіне тиесілі емес нәрсені алғысы келеді. Өз пациенттерін аурудан емдеуге немқұрайлы дәрігер де әділетсіз, өйткені ол өзінің тиісті қызметін атқармайды. Өлтіруші де әділетсіз әрекет етеді, өйткені ол өзінің құрбанын өзіне тиесілі нәрседен, атап айтқанда өмірден айырады. Жалпы, әділетсіз адамдар өздерінің өмірлік ұстанымдарына тән қасиеттер мен міндеттерді түсінбейді. Дәл сол сияқты, әділетсіз мемлекет - мемлекет функцияларын орындай алмайды. Платон мемлекетті басқарудың аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания деп бес сатыға жіктеді. Ол басқарудың ең жақсы формасы философ патшаларының билігіне негізделген аристократиялық модель деп мәлімдеді.
Аристотель Платонның көзқарасына сүйенді, бірақ Платонның тұжырымдамасы тым идеалистік сипатта, ешқашан нақты әлемде өмір сүре алмайды деп сынады. Аристотель тек сынап ғана қойған жоқ, ол Платон тұжырымын іс жүзінде пайдалы ету үшін бірқатар жақсартулар жасады. Оның пікірінше, саяси ұйымның үш негізгі формасы болды: бір адамның билігі, аз адамның билігі және көп адамның билігі. Бірінші форма ең жақсы жағдайда монархияға, ең жаман жағдайда тиранияға әкеледі. Екінші форма, ең жақсы жағдайда, аристократияға, ең жаман жағдайда олигархияға әкеледі. Үшінші форма, ең жақсы жағдайда, «сыпайылыққа», яғни бұл Аристотельдің өз жанынан қосқан формасы, ең жаман жағдайда демократияға алып келеді. Аристотель Платонның 5 жіктемесінің алдына өзі ұсынған «сыпайылық» формасын қояды. Бұл форма заңның үстемдігі мен азшылықтың билігін біріктірді. Бұл Платонның қорғаншылық, өзін-өзі қамтамасыз ету, заңның шешуші рөлі сынды бірқатар негізгі элементтерін қамтитын, практикалық тұрғыдан қол жетімді керемет тұжырым болды. Алайда Платонның еңбегі саяси манифест емес, моральдық философия бағытындағы жұмыс деп қабылдаған абзал.
Платон мен Аристотельдің идеялары Августиннің де, Акуиондық Томастың да саяси ойында көрнекті орын алды. Бірақ христиан философтары жаңа элементті – «фәни» құқықты енгізді, олар осы әлемнен басқа әлемге назар аударды. Мінсіз қала енді таза әлеуметтік немесе саяси механизмдердің жүйесі ретінде емес, Құдайдың заңдарына сәйкестік құралы ретінде ойластырылған. Билік жеке адамдардан Құдайға өтті. Заңдылық жеке қасиет емес, Құдайдың құқығы туралы мәселе болды. Августин үшін бұл идея адамдар ұмтыла алатын, олардың күнделікті істерінде шабыт пен басшылық іздей алатын тамаша қала түріндегі "Құдайдың бұршағы" деп қабылдады. Томас үшін идеалды қаланы тек құдайдың монархы ғана түсінеді. Ол өзінің «Сумма телогия» (Summa Theologica) кітабындағы бөлімдерінің бірінде "патшалық" теориясын ұсынды, ол Құдайдың елшісінің, бір күні патшалыққа кіргісі келетіндердің барлығына Құдайды еркін түсінуге және ойын жүзеге асыруға қабілетті адамның пайдасына жақсы дәлелдер келтірді. Осылайша, идеалды қала «бақи шаһарға» көшірілді. Адамдар оған өмірін христиан ізгіліктеріне арнау арқылы ғана немесе Платон талап еткендей — ортақ игілікке қызмет ету не болмаса жалпыға ортақ ақиқаттарға адалдық арқылы ғана қол жеткізе алады деп үміттенді. Идеал қаланың метафорасы сақталған кезде, оның негізгі белгілері де түбегейлі өзгерді. Алайда ол утопия атты ұғымның қалыптасуына тікелей ықпал етті. Утопиялық тақырыптар оларды тудырған дәуірдің рухын бейнелейді және оның проблемаларына, әлсіздіктері мен алаңдаушылықтарына сәйкес келеді. Қоғамдағы әлеуметтік тұрақсыздық пен наразылық, түсініксіздік пен көңілсіздік Томас Мор, Франсуа Рабеле, Томас Кампанелла, Валентина Андреа, Фрэнсис Бэкон сынды қайта өрлеу дәуірінің басқа да утопияларын тудырды.
ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ПЕН АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ АРА ҚАТЫНАСЫ
Мемлекет пен азаматтық қоғам ара қатынасы түрлі ғылымдар контекстінде зерттелініп жүр. Мемлекет өз іс-әрекетін заң арқылы жүргізетін ұйым ретінде рөлге ие бола бастауы антика дәуірінің ойшылдары Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон т.б. басталды. Олар мемлекеттік билік пен құқықтық мемлекеттің байланысы мен өзара тигізер ықпалын көрсетуге тырысты және егер заң азаматтар мен мемлекетке бірдей болса, сонда ғана адамдар тұрағының саяси фомасы әділ мемлекет бола алады деп санады. Оны Аристотельдің "Заң билігі жоқ болса, онда ешқандай мемлекет құрылысына орын жоқ» немесе Цицеронның "Мемлекет – ол халықтың ісі", - деп айтқан қанатты сөздерінен анық аңғаруға болады. Ежелгі Греция мен Римдегі мемлекеттік-құқықтық идеялар мемлекет жайлы ілімнің қалыптасуы мен дамуына белгілі ықпалын тигізді. Феодолизм дәуірі негізіндегі құқықтық мемлекет жайлы ойды, сол замандағы ұлы ойшылдар М. Макиавелли мен Ж. Баден тарихи жағынан айтып кетсе, ерте буржуазиялық революция кезінде құқықтық мемлекет концепциясын дайындауда көптеген тың идеяларға мұрындық болған алдыңғы қатарлы ойшылдар Г. Гроций, Б. Спиноза, Г. Гоббс, Д. Локк, Ш. Монтеське, Д. Дидро, П. Гольбах, Г. Джефферсон және т.б. ойшылдардың еңбектері өлшеусіз. М. Макиавеллиге тоқталар болсақ, ол мемлекеттің көп жылдық өмір сүру тәжірибесіне орай, өз теориясында саясаттану принциптері, саяси өмірдің қозғаушы күштерінің дамуына сәйкестендіре отырып, жауап беретін идеалды мемлекеттің негізі болуы керек деді. Ал мемлекеттің формаларын пысықтап әрі негізін қалау Республикаға берілді, себебі тек Республиканың ғана көп жағдайда теңдік пен еркіндікті қамтамасыз етерлік қауқары мейлінше жеткілікті болады. Республика мемлекеттік форманның өркениетті түрі.
Осы тұста ерте буржуазиялық қоғам жетекшілерінің ойлары мен пікірлеріне жеке-жеке тоқталып, олардың ой-толғамдарын таразылап көрелік. «Жаратылыстық құқық» және «ерікпен қабылданған құқық» ұғымдарын ғылыми айналысқа ендірген Гуго де Гроций. Жаратылыстық құқық ол – басқа біреудің мүлкінен аулақ болу, келтірген шығындардың орнын толтыру және халық алдында тиісті жазасын тарттыру. Ерікті қалыптастыратын құқық - жаратылыстық құқықтың барлық принциптеріне сәйкес келуі керек. Феодолизмнің құқықтық институттары Гроций бойынша адам табиғатына қайшы келеді, сондықтан ақыл заңына жауап беретін жаңа құқық керек. Мемлекеттің басты мақсаты әрбір азаматқа өз мүлкін пайдалануға ерік беру және оларды барынша қорғау. Кез-келген мемлекет формасының бастауы – «қоғамдық келісім», сондықтан халық басқарудың кез-келген формасын таңдауына болады, бірақ халық, таңдағын билеушісіне сөзсіз бағынуға міндетті. Мемлекеттің формасын өзгерту, тек екі жақтық келісім арқылы ғана іске асуы тиіс. Голланд философы Б. Спиноза – келешектегі заңмен байланысты шынайы құқық пен адам өрлеуін қамтамасыз ететін демократиялық мемлекетке теориялық анықтама берген болатын. Ол, егер, мемлекет әр азаматқа өмірін сақтауға кепілдік беріп қана қоймай, оның басқа да мүдде-мақсаттарын қанағаттандыру арқылы оның өзіндік істеріне қолын сұқпаса, тек сонда ғана құдіретті мемлекет болмақ деп сындарлы пікір айтты. Англиядағы абсолюттік монархияны ерекше жақтаушы Т. Гоббс кейіннен буржуазиялық революцияның ойшылдары жалғастырған қоғамдық өмірдегі құқықтық мәртебеліктің бірнеше прогрессивті жағдайларын қарастырған. Оның қатарына заң алдындағы формалды теңдікті негіздеу, шарттардың орындалуы жатады. Гоббс адам бостандығы туралы адам мен заңмен шектелмеген кез-келген нәрсені жасауға құқылы деген идеяға негіз салады және қоғамдық келісімдерді реттеу принциптеріне байланысты теориялық бағдарлама жасады. Джон Локк феодалдық қоғамға қарама-қарсы буржуазиялық қоғамдағы құқықтың түсініктерін нағыз классикалық түрдегі жақтаушысы болады. Адамның шынайы еркіндігін қорғауға құрылған мемлекет жеке меншікті қорғауға пайдаланады. Осындай мемлекет ғана жеке меншік құқығын, әр адамның еркіндігі мен теңдігін қамтамасыз етеді. Құқықтық мемлекет жағдайында адам еркі заң шығарушы билік шығарған жалпыға бірдей заңға сәйкес болады, бұның мәні әр адамның өз еркіне байланысты, заңмен шектелмеген кез-келген мұқтаждығын қамтамасыз етуіне қақысы бар.
Монтеське, құқықтық мемлекетті қалыптастыруды азаматтық қоғамда саяси бостандықтың қажеттілігімен түсіндірді. Саяси бостандық идеясы мемлекет тарапынан азаматтардың қауіпсіздігіне орай қалыптасатын азаматтар бостандығы идеяларымен тікелей байланысты. Биліктің зияндылығын шектеу үшін барлық азаматтар заңды қатаң сақтауы қажет. Монтескье бойынша "Бостандық" дегеніміз, заңда бекітілгеннің бәрін қолдану құқығы, егер азамат заңда тыйым салынған істерді жасаса, онда бостандық болмайды, өйткені мұндай істі басқа азаматтар атқарып, бірін-бірі шектеп, қалыпқа келтіріп отырулары керек. Бұл саяси-құқықтың теориясындағы маңызды идея. Кейіннен бұл идея тәжірибе жүзінде өркениетті елдерінің мемлекеттік құрылысынан кеңінен көрніс тапты. Д. Дидро есебінше, мемлекеттік биліктің құқықтық бастауы қоғамдық келісім шарт арқылы орнаған суверенитетке негізделеді. Мемлекеттік билік, оның ойы бойынша қоғамға ұйымдасқан саяси түр беретін, қоғамдық келісім-шарттың "басты азығы" рөлін атқарады. Адамдар тек анда-санда ғана негізгі мұқтаждықтарын қамтамасыз ету, еріктері мен күштерін біріктіру мақсатында шынайы тәуелсіздіктерін мемлекетке сеніп тапсырыды. Мемлекеттік билік суверенитеті халық еркіне негізделген: «тек ұлт қана шынайы суверениетті: шынайы заң шығарушы тек қана халық, тек халық еркі ғана саяси биліктің негізі болады. Мемлекеттің басты мақсаты азаматтардың бұлжымас заңды құқығын және бақытын қамтамысыз ету. Дидроның бұл идеялары Канттың құқықтық мемлекетке қатысты теориясында тамаша философиялық негіздемеге ие болды. Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігі Декларациясының авторы Джефферссон қоғамдық келісім және адамының шын мәнідегі шынайы құқығы тұрғысынан биліктің монархиялық формасын сынға алып, шынайы халықтық суверенитетті яки еркіндік пен өзін-өзі билеуін талап етеді. Джеффорсоннның декларациясы адам құқығы болу керектігін және мемлекет алдымен осы принципті қорғау жолында құрылатындығын баяндайды. Декларацияда адам құқығы және жеке адам құқығы мемлекет мүддесімен қатар тұратын болады. Мемлекеттің жаңа доктринасы үшін, бұл тіпті өте тың да келелі жағдай еді, себебі алғаш рет адам құқығы мемлекеттік билік жүйесімен тығыз байланыстырылып, тікелей мемлекеттік шаруаға айналды. Демек, құқықтық мемлекет өркениетті мемлекеттің іргетасын қалайды, адам мен қоғам арасындағы еркін қатынасты орнатады, сонымен қатар, заңдағы заң шығару еркіндігінің сипаты мен қалыптасуына деген бақылауды және басқа да белгілерді қалайды. Азаматтық қоғам да құқықты мемлекет белгісі. Азаматтық қоғам азаматтың белгілі бір құқ пен еркіндікке ие болуы арқылы, өзін қоғамның жеке дара мүшесі ретінде сезініп, өзінің барлық іс-әрекетіне моральды түрде жауапкершілігін сезінетіндей жағдайға жеткенде ғана айтуға болады. Азаматтық қоғам жөніндегі тұғырнамалар жүйесі ХҮІІ ғасырдан бастап теориялық түрде қалыптаса бастады. Т. Гообс, Б. Спиноза, Ж.Ж. Руссо, Ш.Л. Монтеське, И. Кант, Г.Гегель, Т. Пейн осы теорияның негізін қалаушылар болып есептелінеді. Азаматтық қоғам жайлы тұғырнаманың қалыптасуы жеке еркіндік идеясымен, әрбір жеке тұлғаның өзіндік құндылықтарының қалыптасуымен тығыз байланысты болды.
Әлемге аты әйгілі Карл Маркс таптық және таптық күрес идеяларын утопиялық социализмнен және Анри де Сен-Симонның теорияларынан, Адольф Тьер және Франсуа Гизо сияқты француз тарихшыларының 1789 жылғы Француз төңкерісі туралы еңбектерінен алды. Маркстің пікірінше, тарихтың диалектикалық сипаты таптық күресте көрінеді ал капитализмнің дамуымен таптық күрес нақты формада болады. Капиталистік жүйеде екі негізгі класс бір-біріне қарама-қайшы келеді, олардың айналасында басқа, маңызды емес класстар топтастырылған: өндіріс құралдарының иелері, буржуазия, жұмысшылар немесе пролетариат. Адамдар өздерінің жоғалуын, иеліктен шығарылуын жалпыға бірдей адамгершілікке жатпайтын жағдай ретінде түсінген кезде, олар революция арқылы өз позицияларын түбегейлі өзгерте бастайды. Революция коммунизмді орнатудың және бостандықтың жаулап алынған үстемдігінің алғышарты болады. "Ескі буржуазиялық қоғамның орнында оның класстары мен таптық антагонизмдері бар қауымдастық пайда болады, онда әркімнің еркін дамуы әркімнің еркін дамуының шарты болып табылады". Философтардың ішінде ғылым философиясы мен эпистемологияға қосқан үлесімен аса танымал Карл Поппер мен оның «Ашық қоғам және оның жаулары» атты еңбегі. Поппердің басты қызығушылығы саясат емес, табиғат, алайда оның саяси ойы ерекше. Поппер тоталитаризмді сынға алып, бостандықты, индивидуализмді, демократияны және "ашық қоғамды" қорғады. Оның еркін және демократиялық қоғамды қорғауы оның ғылыми әдіске, саясатқа, тарихқа және әлеуметтік ғылымдарда қалай қолданылуы керек деген көзқарастарынан туындайды. Поппер адамдар мен ашық қоғам институттары жаратылыстануға тән сыни рухпен, оның сыни рационализмімен үйлеседі деп түсінді. Талдау мен сұрақтардың ашықтығы әлеуметтік және саяси прогреске ықпал етеді, сонымен қатар ғылымның өркендеуіне мүмкіндік беретін саяси контекст береді деп күтілді.
Қоғам үнемі өзгеріп, жаңарып, түрленіп тұратын жылжымалы қасиетке ие, ХХ ғасыр осы қозғалмалы қоғамды арнайы зерттейтін «Әлеуметтану» ғылымын дүнеиеге әкелді. Көптеген әлеуметтанушылар қоғам мен әлеуметтік өзара әрекеттесуді зерттеуге өз үлестерін қосты, олардың ішінен Эмиль Дюркгейм, Карл Маркс және Макс Веберді ерекше атауға тұрарлық. Эмиль Дюркгейм өзінің «функционализм» ұғымымен танымал. Ол жеке мінез-құлық ұжымдық мінез-құлықпен бірдей емес және ұжымдық мінез-құлықты зерттеу жеке адамның іс-әрекетін зерттеуден мүлдем өзгеше деп түсінді. Дюркгейм ұжымдық наным, мораль және қоғамның көзқарастарын «ұжымдық ар-ождан» деп атады. Дюркгейм сонымен бірге әлеуметтік интеграция немесе адамдардың әлеуметтік топтармен байланысының күші әлеуметтік өмірдің негізгі факторы деп санайды. Конт пен Спенсердің идеяларына сүйене отырып, Дюркгейм қоғамды тірі ағзаға теңеді, онда әр орган тіршілік иесінің өмірін сақтауда қажетті рөл атқарады. Дюркгеймнің пікірінше, қоғамның әлеуметтік девиантты мүшелері де қажет, өйткені девиантты жазалар белгіленген мәдени құндылықтар мен нормаларды растайды. Яғни, қылмыс үшін жаза біздің моральдық санамызды растайды. "Қылмыс — бұл қылмыс, өйткені біз оны айыптаймыз". Дюркгейм өзінің "Қоғамдағы еңбек бөлінісі" кітабында қоғам күрделене түскен сайын әлеуметтік тәртіп механикадан органикалық тәртіпке ауысады деп мәлімдеді. Карл Маркс өзінің «қақтығыс теориясымен» танымал. Маркс үшін қоғамның құрылымдары "негіз (база) және үстірт құрылым" идеясына негізделген. Бұл термин қоғамның экономикалық сипаты мен оның негізін құрайды, мәдениет пен әлеуметтік институттар үстірт құрылымға негізделсе қоғамның қандай болатынын анықтайтын экономика негізге (база) жатады. Маркс қоғамдағы қақтығысты өзгерудің негізгі құралы ретінде өндіріс құралдарының иелері, яғни буржуазия мен пролетариат деп аталатын жұмысшылар арасындағы қақтығысты атады. Маркс қазіргі қоғамды иеліктен шығару тұрғысынан сипаттады. Иеліктен шығару дегеніміз-адам оқшауланған және өз қоғамынан, жұмысынан немесе өзін-өзі сезінуінен ажыратылған жағдай. Маркс иеліктен шығарудың төрт түрін анықтады. Олар: «Өз еңбегінің өнімінен айыру», «Өз еңбегінің процесінен айыру», «Басқалардан айыру», «Өзінен алыстату». Осылайша, қазіргі қоғамда иеліктен шығару адамның өз өмірін басқара алмайтындығын білдіреді. Феодалдық қоғамдарда да адам өзінің жұмыс тәсілін, қашан және қалай орындалғанын басқарды. Маркстің тағы бір идеясы — жалған сана ұғымы . Жалған сана - бұл адамның сенімдері, идеалдары немесе идеологиясы өз мүдделеріне сай келмейтін мемлекет. Қоғамның жалған сананы жеңу үшін Маркс оны таптық санамен алмастыруды ұсынды. Пролетариат "өздігінен класс" ретінде өмір сүрудің орнына, әлеуметтік өзгерістер жасау үшін "өзі үшін класс" болуы керек демек, қоғамның жай ғана инертті қабаты болудың орнына, класс болуы мүмкін. Қоғам саяси сананың осы күйіне енген кезде ғана ол әлеуметтік революцияға дайын болады.
Макс Вебер өзінің «символдық интерактивизм» ұғымымен танымал. Вебердің қоғам құрылымындағы басты бағыты класс, мәртебе және билік элементтеріне бағытталған. Маркс сияқты, Вебер классты экономикалық тұрғыдан детерминистік деп санады. Ол қоғам меншік иелері мен жұмысшыларға бөлінеді деп сенді. Екінші жағынан, мәртебе білім, туыстық және дін сияқты экономикалық емес факторларға негізделген. Мәртебе де, сынып та адамның күшін немесе идеяларға әсерін анықтады. Маркстен айырмашылығы, Вебер бұл идеялар қоғамның негізін құрайды деп сенді. Рационалды қоғам мораль мен дәстүрге емес, логика мен тиімділікке негізделген. Вебер үшін капитализм толығымен ұтымды. Бұл тиімділік пен жетістікке негізделген нәтижеге әкелсе де, егер ол шектен шықса, теріс салдары болуы мүмкін. Кейбір заманауи қоғамдарда бұл қатаң тәртіп пен қатаң дизайн механикаландырылған Жұмыс ортасына әкеліп, кез-келген жерде бірдей өнімді шығаруға назар аударған кезде байқалады. Рационалдылықтың экстремалды жағдайларының тағы бір мысалы Чарли Чаплиннің 1936 жылы түсірілген "жаңа заман" классикалық фильмі. Чаплиннің кейіпкері күнделікті жұмысты жұмыстан тыс уақытта да тоқтата алмайтын деңгейге дейін орындайды. Шынында да, бүгінде бізде "қайталанатын стресс синдромы" деп аталатын осындай міндеттерден туындайтын белгілі аурумен ауырамыз. Әлеуметтанудың ең танымал үш теориясының үшіншісі-символдық интерактивизм теориясы Вебердің ертедегі идеяларына негізделген, олар адамның көзқарасын және оның қоғамға қалай қарайтындығын көрсетеді. Вебер үшін индустрияландыру, рационализация және т .б. ол темір тор деп атады., онда адам институттар мен бюрократияның тұзағына түседі. Вебер адамзаттың соңғы жағдайын сипаттау үшін "әлемнің көңілі" сөз тіркесін қолданады. Қазіргі заманғы қоғамда бізде отбасылық дүкендердің орнына супермаркеттер бар. Бізде жергілікті асханалардың орнына желілік мейрамханалар бар. Көптеген өнімдерді ұсынатын супермаркеттер тәуелсіз кәсіпорындарды алмастырды, олар азық-түлік, автокөлік жөндеу немесе киім сияқты өнімдердің бір желісіне назар аударды. Сауда орталықтары бөлшек сауда дүкендерін, мейрамханаларды, фитнес-орталықтарды, дәріханаларды яғни кондоминиумдарды ұсынады. Ақпараттық қоғамның ең маңызды екі теоретигі, нақтырақ айтқанда, "Постиндустриалды" ұғымымен Даниэль Белл және "желілік қоғам" ұғымымен Мануэль Кастельс. Олардың дискурсқа академиялық көшудің негізгі элементі-ол жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуына қатысты мемлекеттің рөлін түсінудің басқа тәсілін, сондай-ақ мемлекеттің экономикадағы және жалпы қоғамдағы рөлін жаңа бағалауды ұсынды. Кастеллс: «желілік қоғамының теориясы икемділіктің, даралықтың және инновацияның жаңа мәдениетінің өсуімен байланысты "ақпараттық қоғамның" неолибералды түрде қайта құрылған нұсқасы болып табылады. Біз ақпараттық қоғам туралы өзгеретін Дискурстар саяси элиталар үшін белгілі бір гегемониялық функцияны атқарды, әр түрлі тарихи жағдайларда саясат пен саяси ымыраға келу үшін пайдалы идеалдар мен тұжырымдамаларды ұсынды деп есептейді.
МӘДЕНИЕТ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ «ДАЛА» ӨРКЕНИЕТІ.
Қоғам мен мәдениет егіз, бірінсіз екіншісін елестету мүмкін емес. «Культура» латынның «cultura» - өңдеу, тәрбиелеу, білім беру мағынасындағы әлеуметтік өмір өзгерістері мен өндірістік жағдайлардан көрніс беретін адамдар іс-әрекеттерінің, жүріс-тұрыстарының және қатынастарының тарихи даму бағдарламасы. Әдепкідегі латтының «жерді өңдеу» сөзі дене бітімді жанды-рухани күшті дәріптеу, жағдайды жақсарту, адамның ыңғайы мен қабілеті және оның дамуы дәрежесіне айналды. Осылайша дене тәрбиесі, жан мәдениеті мен рухани мәдениет бір-бірінен ерекшеленіп, сонау Цицеронның философияны рух мәдениетіне теңеуімен өз жалғасын тапты. Шығыстық нұсқаулар бойынша, арабтың «тамаддун» сөзі өркениет деген мағынаны білдіреді, оның тамыры «мадина» немесе «мадине» қала яғни, «қалалық болу», «қалада жиналу» деген сөзден тараған. Қазақтың «мәдениет» сөзінің түп-төркіні де дәл осы арабтың «маданият» сөзінен қалыптасқан. Тағы бір дәлел әл-Фарабидің қайрымды қала, адасқандар қаласы, надан қала, игілікке бағытталған қала туралы әлеуметтік-саяси, этикалық көзқарасы. Қала дегеніміз - көп адамның бір жерде шоғырланып өмір сүруі, демек олар жалпыға бірдей белгілі бір ережелер мен өмір сүру тәртіптеріне көндікпесе, бірігіп өмір сүру мағынасы жойылады. Бірігіп өмір сүру адамдарды мәдениетке, бірін-бірі тыңдауға, бір-бірінің қалауын сыйлауға және өз көзқарастарын біріктіріп, барлығына ортақ қарапайым этикалық нормалардың дүниеге келуіне себепші болады. Қалалық мәдениет ХІ-ХІІ ғасырларда Францияда пайда болған мәдениет. Бұл жағдай тұтас батыс өркениетінің қалыптасуында үлкен рөлге ие болды. Қалалық мәдениет мәні адам болмысының барлық аймақтарындағы жоғарғы манаптық элементтердің үнемі күшейіп отыруында. Сонымен қатар, көп адамдардың бірігіп өмір сүруі адамдар арасында ыңғайлылықты, уақыт үнемділігі, тұрмыс қолайлығы сынды қарапайым өмір элементтерінен туындаған көп қабатты зәулім үйлер мен ғимараттар, жолдар, көпірлер, сарайлар, мектептер, кітапханалар, мешіттер, сауда үйлері, мұз айдындары, стадиондар, алып жобалар, техника жетістіктерінің барлық түрлері және т.т. барлығын материалдық жетістіктерге біріктіріп қалалық мәдениеттің бір көрсеткіші ретінде тануға болады. Демек мәдениет кең мағынада табиғат құбылыстарынан бөлек адамзат жасаған дүниенің барлығы. Бұл тарихи даму деңгейіндегі адамзат қол жеткізген материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы, ал мәдени процесс адам қажеттілігін өтейтін заттар мен құралдар, еңбек құралдарын жасаудың тәсілдері мен мүмкіндіктерін өзіне енгізеді. Осылайша мәдениетті игеру дегеніміз еңбек ету үшін білім мен ісмерлікті, кез-келген қоғамның өмір сүруін құрастыратын басты іс әрекет болып табылатын қатынас пен танымды, сонымен бірге, гуманды дүниегекөзқарасты қалыптастыру мен инттелектуалды дамуды негіздеу. Мәдениет философиясына адамзат қалыптасуындағы түсіністік пен бағалау тарихын енгізген Сен-Симон қосқан үлесі қомақты болды. Ол мәдениетті қозғаушы күш адам ақылы екенін дәлелдеді. Сен-Симон төменгі формадан жоғарғы үш кезеңге өтетін тарихтағы қоғам мен мәдениет дамуын бөліп алып, әрбір кезеңнің адам ақылын жетілдіру дәрежелігімен қатар, оның шығармашылықты өндіргіш күшінде ескерді. Әлеуметтік-мәдени жалпылықты зерттеушілер арасындағы алғашқылардың бірі Сен-Симон еңбекті маңызды адам әрекеті ретінде мән берді. Оның есептеуінше, барлық адам жұмыс істеуі қажет. Сен-Симон тарихи кезеңді ойлаудың діни жүйесі, метафизикалық және дұрыс ілімінің ғылыми жүйесі деп үшке бөлді.
Мәдениеттің шығу тегі туралы ілім және мәдениет тарихы мен мәдениеттануда мәдениеттің пайда болу процесін алғашқы тас құралдарынан бастап құралдық процесс дамуының қалыптасуымен тығыз байланысты әлеуметтік заңдылықтарды белгілеу үшін қолданылатын ұғымды «культурогенез» деп атаймыз. Мәдениет – қоғамдық экономикалық формациялардың алмасуына байланысты дамитын тарихи құбылыс. Мәдениет түрлерінің өте көптігі және олардың әрқайсысының жекедаралығы әлеуметтік концепция болып табылатын «мәдени-тарихи типтер» теориясының негізін қалады. «Мәдени-тарихи типтер» теориясы сызықтық-еуропоорталықтық тарих концепциясы мен тарихи процестердің эволюционистік түсіндірмесіне қарсы тезис ретінде қалыптасты. Бұл теорияның негізін қалаушы - Н.Я. Данилевский. Оның ары қарайғы дамуы О. Шпенглер, А. Тойнби, П. Сорокин еңбектерінде өз жалғасын тапты. Осы «мәдени-тарихи типтер» теориясының жақтаушылары Кант, Гегель және Гумбольдтен бастау алған қоғамдық-тарихи мектепке шоғырланды. Алайда, біздің дәуіріміз басталғанға дейінгі рим тарихшысы Полибийдің 40 томдық «жалпы тарихы» және қытай тарихшысы Сыма Цяньнің «тарихи жазбалары» қоғам тарихын айналым, циклдік қозғалыс ретінде қарастырды. Үлкен тарихи циклдер идеясын біздің дәуіріміздің басында араб тарихшысы аль-Бируни ұсынды; бірнеше ғасырдан соң осы идеяны Тунистен шыққан Ибн Халдун жалғастырды. Қайта өрлеу кезіңінде тарихи процестегі цикл идеясын француз тарихшысы Дж. Вико қарастырды, ал неміс философы әрі тарихшысы Иоганн Гердер ХVІІІ аяғында жазылған «Адамзат тарихының философиясына деген ойлар» еңбегінде тарихтың генетикалық бастамасы мен ғарыштық масштабтағы дәуірлер арасындағы кезеңдік ауытқуларды айрықша зерттеді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында К. Маркс пен Ф. Энгельс тарихи прогрестің түпкі негізі іспеттес қоғамдық-экономикалық формациялардың кезеңдік ауысу идеясының негізін қалады. Локалды өркениеттің мәдени-тарихи типі туралы идеяны 1869 жылдың өзінде-ақ орыс тарихшысы Н.Я. Данилевский ұсынған болатын; бұл идея дами түсіп, 1918 жылы О. Шпенглердің «Еуропаның батуы» атты кітабында жарияланды. Жаратылыстанушы, философ, әлеуметтанушы Николай Яковлевич Данилевский «Ресей және Еуропа» (1869) атты ерекше еңбегінде О.Шпенглер мен А.Тойнбиден бұрын бір-бірімен және қоршаған ортамен үнемі үзіліссіз күресте болатын тірі ағзаларға ұқсас «мәдени-тарихи типтердің» тіршілік ететіндігі туралы идеяны негіздеген болатын. Олар да биологиялық түрлер сынды табиғи алдын-ала анықталған пайда болу, гүлдену, қартаю және өлім стадияларынан өтеді. Н.Я. Данилевский оның тарихи түрде өзіндік пайда болуын 4 топқа бөледі: діни, мәдени, саяси және әлеуметтік-экономикалық. Оның есептеуінше тарих жүрісі мемлекеттілік арқылы «этнографиялық» күйден өркениеттік деңгейге дейінгі жолда бірін-бірі ығыстырып отыратын «мәдени-тарихи типтер» ауысуымен айқындалады.
Әрбір этностың, ұлттың өзіндік тұрған жері, басқан тауы, ішкен суы, қоршаған көршілері сонымен қатар, жинақталып, сақталып ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан сан ғасырлық әдет ғұрыптарына байланысты өзіне тән ұлттық мәдениеті болады. Ұлттық мәдениет әрбір ұлттың мінезі мен психологиясын сипаттай отырып сол ұлттың рухын жасайды. Демек рух ұлттық мәдениеттің өзегі, түп қазығы. Дәл осы қазығы босап, не одан айырлған жағдайда бүтін бір ел немесе халық тарих сахнасынан өз бедерін жоғалтады. Қазақ халқы да сол түп қазықты босатып алған елдер қатарынан, қазір соны орнықтыру, қатайту мақсатында ел мінезі мен психологиясын қайта қалпына келтіріп, ұлттық рух жасалу үстінде. Бұл халық сұранысына айналған этномәдениет руханилық сипатқа ие. Рухани жүкті жеңілдету үшін жұмыла көтерген халық қайраткерлері өздерін әр саладан көрсетіп бағуда: философтар «ұлттық философия», саясаткерлер «ұлттық идеология», қаржыгерлер «ұлттық валюта», экономистер «отандық өндіріс», филологтар «ана тілі», тарихшылар «қазақ тарихы», өнертанушылар «ұлттық нақыш», өнерпаздар «ұлттық музыка» және т.б.. Ыдыраған, бөлшектенген бүтінді қайта қалпына келтіру ұзақ мерзімді, мұқалмас жігерді талап етеді.
Философ Д.Кішібеков пен Ұ.Сыздықов: «ұлттық мәдениетсіз жалпы адамзаттың интернационалдық мәдениеттің де болуы мүмкін емес» десе, тарихшы Е.Ерғали: «дәстүрлі мәдениет деп ежелден қалыптасып, ғасырдан ғасырға жалғасып, өзгеріп отырғанымен, сол халықтың дүниетанымдық бастаулары мен басты құндылықтарының көзіне айналып, оның өмір сүруінің салттарымен бағыттарын, тәсілдері мен жолдарын реттейтін негіздерін айтамыз» - деп ой тұжырымдайды. Қазақ халықы тұрмысының басты кәсібі – мал шаруашылығы болған. Малдың түр-түрінің қыр-сырын игеріп, олардың мүмкіндіктерін өз тұрмыстарында барынша пайдалану қазақ халқының философиялық биіктігін көрсетеді. Мал бағу дегеніміз төрт түлікті сайын далаға жайып жіберіп, қарап отыру емес. Қазақтар малдарды түліктерге бөле отырып, олардың тіршілік ету ыңғайларын табиғат жағдайымен орайластыру, оларды көбейту, асылдандыру, есебін алу, табиғаттың тосын апаттарынан аман сақтау, тұрмыстық азыққа, киімге, айырбас тауарға айналдыру және тағы да басқа мәселелерін игерген, сонымен қатар, осы аталғандарды жүзеге асыру барысында қисынды ой, далалық білім, аса талғампаздық, сыншылдық, саналы және шұғыл шешім қабылдауға дағдылану, табиғатқа төселу сынды мінез-құлыққа ие болып, жалпы айтқанда дала философиясын тұрмыстық философияға айналдырған. Олар мал шаруашылығын негізге ала отырып, егіншілік, қол өнершілік, кәсіпшілікпен де айналысып, өздерінің ұлттық мәдениетін қалыптастырған.
Дала өркениеті, оның ішінде қазақ өркениетінде тұрмыс мәдениеті ең жоғарғы деңгейде дамыған. Киіз үйден бесікке дейінгі жәдігерлер құны жойылмайтын, уақыт өзгерте алмайтын, әрі қайталанбайтын дара мәдениеттер. Экраннан осы айтылғандардың, яғни қазақ халқының тұрмыстық философиясының жіктемесін көрдіңіздер. Көріп отырғандарыңыздай ұлттың этномәдени - рухани әлемі мейлінше кең ұғым, өмірдің барлық саласымен сабақтас. Жас ұрпақтың туған ел тарихынан, яғни этномәдени білімдерін тереңдету мақсатында елімізде «Рухани жаңғыру» жобасы кезең-кезеңмен іске асуда. Оның мақсаты жастарға туған жерді, елді тану, тарих белестеріне үңіле отырып, өткенді таразылай білу – жас ұрпақтың тарихи санасын жаңғыртуға септігін тигізу. «Рухани жаңғыру» жобасы аясында атқарылған жұмыстар жастардың қазақ халқы туралы жалпы танымын кеңітіп, олардың қоғамдық-философиялық, әлеуметтік-гуманитарлық пәндерден алған білімдерін этномәдени дамудың сан салаларын қамти отырып, қазақ елінің, өз өлкесінің даму, жетілу кезеңдеріндегі оқиғаларды танып-білу, түсінік аясын кеңейтуге септігін тигізу. Өскелең ұрпақтың санасы, ақыл-есі күңгірттенбей, ерік-жігері жасымай, ұлттық рухы үнемі жетіліп, күш-қуатының ұшталуы – биік мақсатқа бастар қағида. Халықтан қалған мына бір даналық ой көп нәрсенің мәнін ашады. “Қайда сен барма, қай жерде сен тұрма, егер бұлақ көрсең сұра “ Бастауы қайдан екен, қайда барып құяды екен”. Бұлақ – өсер ұрпақ, оның тарихи санасы, елтануы, құндылықтарымызды әлемдік деңгейге тарататындай білімі мен білігі. 12 дәрісті қорыта келе, жақсы қоғам болып қалыптасу үшін сол қоғамның әрбір мүшесінінң мәдениеті жоғары болуы керек екендігін баса айтамыз. Философия пәнінінң дәрістер топтамасын «Тарих философиясы» атты 13-ші дәріс жалғастырады.