Дәріс 8. АДАМ БОЛМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ КАТЕГОРИЯЛАРЫ

Қазіргі философияның келелі мәселелерінің бірі «Өмір және өлім. Өмірдің мәні» атты кезекті лекция. Бұл философия пәнінің ауыр тақырыптарының бірі. Өлім мен өмірді талқылау бозбала мен бойжеткен статусындағы студенттер үшін ауыр болмақ. Дәріс мақсаты тақырыпты тұрмыспен байланыстыра отырып қарапайымдандыру арқылы студенттердің мәселені құндылық ретінде қарауына мүмкіндік беру. Өлім мен өмірдің бірін-бірі толықтырушы екі таяқтың ұшы екенін және әр адамда ең басыты сый "өмір" бар екенін ұғынып, оны еш нәрсеге айырбастамау қажеттігін түпсана арқылы ұғындыру. Тірі адам кез келген проблема қасында ұтыста тұрады, себебі оның қолында басты ұтыс бар, ол – өмір екендігіне көз жеткізу, өмір мәнін іздеуге құлшындыру. Өмірдің мақсаты максималды жайлылық жағдайында мүмкіндігінше ұзақ өмір сүру ғана емес, сонымен қатар жанның өзін-өзі жетілдіруге қажетті тәжірибесі бар екеніне көз жеткізу.

Адам өмірге келеді, сосын өледі, бірақ адамзат өлмейді. Ол табиғат заңына сүйене отырып өлмейді және жыл мезгілдері секілді қайта айналып келіп отырады. Бұл өзгермейтін жан туралы ілім, ол тәжірибе мен жетілуді іздеуде сансыз рет енгізіліп, "қайта туылады", іс жүзінде әмбебап. Адам болмысының негізгі категориялары – бақыт, сенім, өмір және өлім болып табылады. Бұл категориялар өмірдің мәнің анықтайды. Олардың әрбіріне жеке тоқталып өтейік. Бақыт категриясын Аристотельдің «Бақыт - өмірдің мәні мен мақсаты, адам өмірінің барлық мақсаты осы ғана» деген сөзімен бастағанды жөн көрдім. Аристотель пікірінше, "Бақыт өзімізге байланысты". Бәрінен гөрі Аристотель бақытты адам өмірінің басты мақсаты және өзін-өзі мақсат ретінде дәріптейді. Нәтижесінде ол бақыт тақырыбына қазіргі кездегі кез-келген ойшылға қарағанда көбірек орын бөледі. Аристотель шынымен бақытты өмір физикалық және психикалық саулықты қоса алғанда, көптеген шарттарды орындауды талап ететініне сенімді болды. Осылайша ол бақыт туралы ғылым идеясын классикалық мағынада, білімнің жаңа саласы тұрғысынан ұсынды. Бақыт философиясы - бұл бақыттың өмір сүруіне, табиғатына және қол жетімділігіне философиялық көзқарас. Кейбір философтар бақытты өмірдің моральдық мақсаты немесе кездейсоқтық аспектісі ретінде түсінуге болады деп санайды; шынында да, көптеген еуропалық тілдерде бақыт термині сәттілікпен синоним болып табылады. Философтар әдетте бақытты ақыл-ой күйі немесе оны басқаратын адам үшін жақсы өмір ретінде түсіндіреді. Бақытқа жету үшін прагматикалық алаңдаушылықты ескере отырып, психология саласындағы зерттеулер көптеген қазіргі философтарды теорияларын дамытуда басшылыққа алды. Бақыт туралы сөз қозғағанда «Бақыт формуласын» ұсынған Фарбиді айтпай кете алмаймыз. Әл-Фараби бақытты әр адамның өміріндегі алға қойған мақсаты ретінде түсіндірген, оның дүниетанымы бойынша адам осы дүниеде бақытқа жету үшін келген. Адам шынайы бақыттың не екенін біліп оны өзінің өмірлік мақсаты етіп, соған ұмтылып отыруы қажет. Бақыт көп мағыналы ұғым. Оның басты түсініктері: бақ-дәулет,қуаныш-рахат, жақсылыққа жету-даналық, өмірден өз орнын табу. Бақытты болу әр адамның өз қолында деген пікірмен келісетін де келіспейтін де адамдар қатары табылады. Адамдар бір бірінен қолдау орнына көмек күткен жағдайда ол өздігінен бақытқа ұмтылмайды. Адамдар бақыт жолын өзі іздеп табуы керек және ол тазалық, адалдық, әділеттілік ұғымдарымен міндетті түрде байланыста болуы шарт.

Сенім адамдар арасындадінге қатысты мағынада орын алады. Сенім – парадокс, оны әдеттегідей түсіндіру мүмкін емес, сенім түсіндірілетін нәрсе емес деп ойлады. Осы турасында Тертуллиан «Сенемін, себебі ақылға қонбайды» деген болатын. Доктор Мэри Маклеод Бетун болса «Сенім - бұл қызметке арналған өмірдегі алғашқы фактор" деген тамаша тұжырым айтқан. Сенім денотативті түрде сенім, сенім немесе тірі адамның адамға немесе затқа деген сенімі ретінде анықталғанымен, коннотативті түрде ол философиялық, теологиялық және әлеуметтік қызметке ынталандыру ретінде қызмет етеді. Сенім адам психикасына енгізілген үмітпен тұжырымдалады және күтілетін нәтижеге деген ұмтылыспен туындаған әрекет ретінде көрінеді. Тұтас, яғни халықтық сенім жойылмайды. Мысалы, «Қазақтардың рухани әлемі: әл-Фарабиден Абайға дейін» атты еңбекте бұл турасында былай делінген: «қазіргі Қазақстанның территориясында буддизмнен бастап христиан дінімен аяқталған өзге де діни сенімдер болған, бірақ олар көбіне отырықшы халықтың арасына ғана тарап, тәңіршілдік сияқты асқан беделге ие бола қоймаған. Кейіннен тәңіршілдік ұзақ уақыт бойы ақсүйектер мен отырықшы халықтың діні болған ислам арқылы ығыстырылды, алайда ислам көшпенділер ортасына тарағанымен Тәңір сенімін тұтастай ығыстыра алмады. Тіпті қазірдің өзінде қазақтар мұсылмандық рәсімдерді орындау барысында ежелгі тәңіршілдік салттың белгілері байқалады, егер екі сенімнің де монотеистік негізі бар қазақы ділдің ерекшеліктерін назарға алсақ, бұл таң қаларлықтай жағдай емес». Сенімнің материалдық бағалау құралдарымен өлшенбейтініне қарамастан, ол үмітпен белсендендірілген әрекет немесе керісінше әрекетсіздік ретінде айқын көрінеді. Сенім - бұл күтілген нәрсені жүзеге асыру және көрінбейтінге деген сенім. Дәл осы сенім актісі өмірдің сенімділігі мен мақсатын береді және зияткерлік және әлеуметтік ұтқырлыққа әкеледі. Мысалы, бар жоғы 20 жастағы Ыбырайдың қазақ даласында мектеп ашып қазақ балаларын оқытамын, сауаттандырамын, білімге жол ашамын деген сенімі бүтін бір қазақ ұлтының өмірін өзгерте алды, басқа арнаға бет бұруына ықпал етті. Сонымен қатар, сенім жүйесін қоғамдық құндылықтарды анықтау үшін моральдық компас ретінде де пайдалануға болады және дәл солай пайдаланылып келеді. Жаһандану дәуірінде жас ұрпақ тек өз елінің ғана емес әлемнің азаматы ретінде өздерінің жеке сенім жүйесін дамытуға көп көңіл бөлгені абзал.

 

 

 

АДАМ ӨМІРІНІҢ МӘНІ ТУРАЛЫ ЗАМАНАУИ ІЗДЕНІС

 

Өмір мен өлім - адамзаттың рухани мәдениетінің екі мәңгілік тақырыбы. Өмірдің мәні не болуы мүмкін деген ойлар әркімге де қызықты, әрі қиын, кейде тіпті оғаш болуы ықтимал. Қазіргі кезде қарапайым тұрмыста адамдардың «өмірдің мағынасы жоқ» деп жиі айтатынын аңғарамыз. Оны біреулер қайғы үстінде айтса, екінші біреулері агрессияда, үшінші біреулері жалығу мақсатында айтуы мүмкін. Дәл солай өмірдің мәні біреулер үшін отбасы болса, екінші біреулер үшін өзінің жеке мақсатына жету, үшінші біреулер үшін жаратушысына құлшылық ету. Демек өмірдің мәні туралы ойлау адам алдындағы өте маңызды міндет, өмір шын мәнінде маңызды мағынаға ие және іс жүзінде біз өмірді барынша мағыналы ету үшін бірқатар практикалық қадамдар жасай аламыз. Бір социологиялық курс аясында жас зерттеуші философтар Швецияның Упсалла қаласының орталығында «Философтан сұра!» деген тақтайша іліп тұрады. Тақтайшаға көп адамдар назар аударып, қызық көріп келеді. Авторлардың айтуынша адамдар шынымен тоқтап, әр түрлі сұрақтар қойған, жауаптарды ынтамен тыңдаған. Жолығушылардың басым көпшілігі өмірдің мәні не деген сұрақты сұраған және олар жауапты күтпестен өз өмірлеріндегі белгілі бір жайттарды айтып, жауаптарды әзілге жеңдірген. Көбісі өткен қателіктерін күлкімен еске алған, сол кездегі қиналғанын қазір күлкілі немесе еш қиналыссыз өтуге болатынын түсінгендерін айтқан. Өмірдің мәнін философтан сұрағысы келетін және бұл сұрақ қызықтыратын адамдар қатары әр елдеде бар. Өмір тек адамға ғана тән емес, тірі жандылардың барлығы да өмір сүреді, бірақ ол біз «өмір» деген атау бергендіктен ғана оларды өмір сүруде деп есептейміз. Өмір – адамның тіршілігінен хабар беретін жалғыз фактор.

Шетелдік жастар арасында танымалдыққа ие, өмір туралы түрлі тренингтер ұйымдастырып, адамдарды өмірге дұрыс қарауға үйретіп жүрген коуч Раф Адамстың «Костюмдегі Монах: өз өмірімнің мақсаттары мен шынайы бақытты табу» атты кітабы бар. Экранан көріп тұрғандарыңыздай «Костюмдегі Монах екі әлемді біріктіреді: бақыт, махаббат, мақсат пен мағынаның ішкі әлемі және сәттілік пен жетістіктің сыртқы әлемі. Өмір жолының моделі - бұл екі әлемді біріктіруге көмектесетін жеке саяхаттың көрнекі бейнесі. Бұл сізге жоғары ақыл-ой жағдайына жетуге көмектеседі. Сіз босаңсу сезімін қалай қанағаттандыруға, шынымен бақытты өмір сүруге, мағыналы және қанағаттанарлық мансапқа ие болуға болатындығын білесіз. Біз көптеген сыртқы тәжірибелер, қысым, стресс, шешімдер мен алаңдаушылықтар бізді ішкі даналығымыздан алшақтататын қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Біздің уақыт пен ресурстар туралы шектеулі түсінігіміз - бұл айналамыздағы тез өзгеретін әлемде келіссөздер жүргізуге тырысқанда киетін "костюм". Дегенмен, біз бұл идея біздің ішкі "мен" - "ішкі монахты" тыңдау және тыныштық табу қабілетімізден айырылғанын түсінбейміз» дейді Раф Адамс өзі ұсынған өмір жолының моделі жайлы.

Есімі тарихта қалған австриялық психоаналитик Виктор Франкл: «Біз өмірге айналадағы жұртты қуанту үшін ғана келдік. Қасыңдағы адамның түріне, жынысына, мәртебесіне, діни сеніміне, әлеуетіне қарамастан оған шаттық сезім сыйлау үшін ғана туылғанбыз», – дейді. Концлагерьдегі тәжірибесімен әйгілі Франкл өзінің логотерапия ілімін, яғни психотерапиялық жәрдем көрсету әдісін өз тәжірибесі нәтижесінде қалыптастырады. В.Франкл дәрігер болып жүргенде ақша табу үшін түске дейін байларға ақылы қызмет, түстен кейін жағдайы жоқ кедейлерге тегін қызмет көрсеткен. Кедейлер оған риза болып, алғысты жаңбырша жаудырады, ал Франкл олардан алғыс алған сайын бақытқа бөленеді, кеудесі шаттыққа толып, бейне бір бұлттың үстінде қалқып жүргендей болады. Франкл ғылыми айналымға енгізген «Логотерапия»  философияның «Экзистенциалистік анализ» ұғымына балама іспеттес. Қырқыншы жылдардың соңына қарай Франклдың бірнеше туындылар бірінен соң бірі басылып шықты. 1960-шы жылдары Франкл дүние жүзіне танымал болды. Ал логотерапия өмірінің мағынасын жоғалтқан жұртты емдейтін әдіс-тәсілге айналды. Осы ілімді қысқаша 6 тұжырыммен көрсетуге болады: Біріншіден, “Ғұмыр мәні туралы ілім” мағынаның барлық адамға қолжетімді екенін негіздейді; Екіншіден, әмбебап мағыналық түсінікті құндылық дәрежесіне көтереді; Үшіншіден, Мағынасын жоғалтқан адам “экзистенциалистік вакуум” деген құсаға ұшырайды. Аталмыш вакуум көптеген “ноогенді неврозды” қоздырады. Егер мағына іздеген адам объективті дүниеден мағынаны таппаса, вакуумға ұшырайды, яғни ешкімге керексіз «қуыс кеудеге» айналады; Төртіншіден, мағынасыз өмір жоқ; Бесіншіден, мағынаны ойлап таппайды, іздейді; Алтыншыдан, мағынаны тапқан соң, оған сену қажет. Себебі, адам бойында мағынаға деген құштарлық бар: бұл Виктор Франкл философиясының да, логотерапиясының да фундаменті.

Франкл еңбектері Қазақстанда да аса танымал, тіпті оны қазақы түп санамен байланыстырып, бірқатар ғылыми терминдердің қазақша баламасын тауып, «Өмірге ғашық болу» деген арнайы кітап жазған Санжар Керімбай. Ол Франклдың «экзистенциалды вакуум» терминін «көкірегі қуыс адам» деп тәржімәлап оны Хакім Абайдың:

«Жүректің көзі ашылса,

Хақтықтың түсер сәулесі.

Іштегі кірді қашырса,

Адамның хикмет кеудесі»

деген өлеңімен бекітеді. Санжар Керімбай қазақ дүниетанымы мен аса бай ауыз әдебиеті, және философиясында логотерапияның негіздері бар деп, соны дәлелдеуге тырысады. Израильдік философ Иддо Ландаудың «Жетілмеген әлемнен мағына іздеу» кітабы практикалық кеңестер жинағы емес, керісінше, кітап өмірдің мәні туралы қалай ойлау керектігі туралы түсінікті идеяларға толы. Мысалы, сот айыпталушыдан: "сіз неге әйеліңізді ұрдыңыз?» деп сұрақ қойса, қалғандары ер адам шынымен әйелін ұрды деп болжайды. «Сұрақ және болжам... Өмірдің мәні туралы сұрақта да болжам бар: “Өмірдің мәні неде?” Оның нақты бір мәні бар деп болжайсыз. Ал “Менің өмірімде мән бар ма?” деген сұраққа “иә” немесе “жоқ” деп жауап береу керекпін деп санайсыз. Бірақ Ландау екі жауапты да жоққа шығарады. Біздің өмірімізде бірнеше мән болуы мүмкін  және ол бірнеше мағынаға ие. Жаһандық міндет өмір мәнінің “болуы” немесе “болмауы” емес... керісінше, оның жеткіліктілігінде» дейді ғалым. Ландау өмір мәні мәселесі шын мәнінде құндылықтың жетіспеушілігі деп санайды: «...өмірді мағынасыз немесе жеткіліксіз мәнде қабылдау дегеніміз - құнды аспектілердің жеткіліксіз мөлшерімен өмір сүру. Басқаша айтқанда, өмірді мағынасыз деп санайтындар күту мен шындық арасындағы алшақтықты сезінеді…»  Өмірді мәнсіз сезінгенде, бұл біздің күткенімізді асыра бағалағанымызды білдіреді. Ол үшін ойлау тәсілін өзгерту қажет.

 

«ӨЛІМ» ҰҒЫМЫНА ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

 

Әрбір шыр етіп жарық дүние есігін ашып келген сәби өзімен бірге өлімге деген жолдама ала келеді. Тек ол жолдамада оның мерзімі көрсетілмейді. Демек, өлім тек өмір сүріп жатқандар үшін ғана қажет, әрі маңызды. Адамға қорқыныш сезімін беретін өлімге философиялық талдау жасап көрелік: 

ӨЛІМ АКСИОЛОГИЯСЫ. Ежелгі мәдени дәстүрде өлім зұлымдық ретінде бағаланады. Бұл ежелгі адамдардың жердегі өмірдің қуанышына деген адалдығымен ғана емес, сонымен бірге, халықтық нанымдарға сәйкес, адам өліммен толығымен жойылмайды тек Швейцер айтқандай "Өмір алдындағы үрей" сезімі ғаны, кез-келген идеологиялық жүйеге қандай-да бір дәрежеде өмір сүрудің таңғажайып әлеміне қатысу сезімі тән.

ӨЛІМ ОНТОЛОГИЯСЫ. Ежелгі мифология мен философияға сәйкес адам табиғатта өлімге ұшырайды. Гректер мен римдіктерде адам және өлім  — синонимдер. Өлмейтіндер - бұл құдайлардың есебіндегі өздерінің ерліктері үшін қабылданған құдайлар мен кейіпкерлер (мысалы, Геркулес). Өлім-бұл адамның табиғатынан, оның болмысынан туындайтын сөзсіз, сонымен бірге ол рок, фатум деп түсінілетін тағдырмен қатаң бекітілген. Ежелгі гректер мен римдіктер өздерінің өлімін түсініп, оларды өмірмен бөлудің уақыты, орны мен әдісі тағдырмен қатаң түрде анықталады деп сенді.

ӨЛІМ МЕТАФИЗИКАСЫ.  Ежелгі философиялық мектептерде жанның өлместігі, жеке өлместік, өзін-өзі растау туралы түсінік жоқ, себебі  жеке тұлға мәңгілік деген ұстанымда болды. Әлбетте, әлі күнге дейін адамның жеке басы  автономияның жеткілікті дәрежесіне ие болмады. Қоғамдық өмір мен рулық бастама жеке өмірден жоғары болды. Классикалық кезеңдегі ежелгі грек, Рим Республикасындағы адамдар өзін  саясаттың еркін азаматы ретінде сезінді. Бұл турасында Марк Аврелий:  "Жер аудару, қоғамнан қуылу, халықтан аластатылу -  бұл өлім. Қуғынға ұшыраған адам тірі өлік...» деді. Қазақи дүниетанымда да «ұят» «өлімнен» жоғары тұрады. «Өлімнен ұят күшті», «Ұяттан тірідей өлдім»

Еріксіз түсер ылдидан,
Еркіңмен шығар өр артық.

Чех жазушысы, драматург, журналист, аудармашы әрі фотограф Карел Чапектің 1922 жылы  шыққан «Макропулос ісі» атты пьесасы. Чапек адамның ішкі өмірін жеке тұлға ретінде қарастырады және адам танымының мүмкіндіктері мен шектерін зерттеуге тырысады, өлместіктің құралын ойлап тапты. Өлместік - өлімнен тыс болу мағынасы, өйткені өлім қандай да бір жолмен өмірге мән береді. Бірақ бұл өлімнен қорықпау керек дегенді білдірмейді. Шын мәнінде, оны әр түрлі тәсілдермен көрсетуге болады, өлім бұл өмірдің мәні және ол сол уақытта қорқыныш тудырады. Адам шын мәнінде өлімнен қорықпайды, өйткені өліп көрген және оның қандай екенін білген адам жоқ. Эпикур айтқандай, біз бар жерде өлім жоқ. Адамдар көбіне өмір мағынасыздығынан, мағыналы істерді жасап үлгере алмаудан, яғни бос кетуден қорқады. Осы қорқынышты белгісіз өлімге таңып қояды.

1969 жылы АҚШ-та “Өлім және өлу туралы” деген зерттеуге негізделген кітап шықты. Авторы психолог Элизабет Кюблер-Росс. Ол емі жоқ, яғни жазылуға еш мүмкіндігі жоқ адамдармен сұхбаттасып олардың жан дүниесін зерттей келе ғаріп жанның өлгенге дейінгі жан-жүйкесінің 5 түрлі күйден өтетіндігін болжамдаған:

1.              Оқшаулану, ауруын мойындамай оңашалану;

2.              Ашулану, “неге мен ауырамын!” деп ызалану;

3.              Саудаласу, бәлкім былай жасасам тірі қалармын деп пайдасыз әрекетке көшу;

4.              Үрейлену, депрессияға ұшырап ешкіммен сөйлеспей теріс қарап жатып алу;

5.              Мойынұсыну, өлімнің жеңетініне көз жеткізу, тыныштық хәлі.

Элизабетпен сұхбаттасқан жандар 5-ші  күйге өткен сәттерінде азғантай болса да ең бақытты күндерді кешкенін айтқан.

Өлімнің 2 негізгі кезеңі бар: клиникалық өлім және одан кейінгі биологиялық немесе шынайы өлім – яғни жасушалар мен тіндердегі физиологиялық процестердің қайтымсыз тоқтатылуы. Өлімнің сөзсіздігін мойындай отырып, адамдар оған қарсы тұрудың жолдарын іздеуден шаршамайды. Себебі адам бұл әлемге өлуге емес, өмір сүруге келеді. "Бір сәт тоқта!" - бұл өлместіктің ұраны, оның импульсі. Ортегга и Гассет пікірінше «Адам өмірге толы осы керемет әлемді тастап кетуге мәжбүр. Бұл жағдайда әлемді кім "басқаратыны" маңызды емес - Құдай, рух, Ғарыштық ақыл, бұл объективті шындық, табиғат заңдары. Адамның тек осы Тәртіпті тануы және олардың өмір сүруінің мағынасын көретін "салыстырмалы автономия" құрылғысына кіруі маңызды. Өлім проблемасына деген қызығушылық бірнеше себептерге байланысты. Біріншіден, бұл өркениетті жаһандық дағдарыс жағдайы, ол, негізінен, адамзаттың өзін-өзі құртуына әкелуі мүмкін. Екіншіден, әлемдегі жалпы жағдайға байланысты адамның өмірі мен өліміне құндылық қатынасы айтарлықтай өзгерді. Триада: өмір - өлім - өлместік, өйткені адамзаттың барлық рухани жүйелері осы құбылыстардың қайшылықты бірлігі идеясынан шыққан. Адамдар не ойлауы керек деген сұраққа Антисфен: "мен бақытты өлемін", "Өлгісі келмеген адам, таза әрі әділ өмір сүруі керек". "Мемлекеттер жамандықты жақсылықтан ажыратуды тоқтатқан кезде өледі" деді ол. Өлім - өмірдің қажетті элементі. Адамзаттың рухани өмірі, өлім мен өлместік тарихында бейбітшілік пен адамға діни емес және атеистік көзқарасқа негізделген өмір туралы көптеген ұғымдар болды. Дінсіз адамдар мен атеистер көбінесе жер бетіндегі өмір олар үшін бәрі, ал өлім - бұл өмірді мағынасыз ететін жойқын трагедия деп айыптады.

Мысырлық жазушы-жазушы, драматург, сценарист. 1988 жылғы Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Нагиб Махфуз «Біздің көшенің тұрғын­дары» атты романында: «Ей, қаланың тұрғындары! Өлімнен қорқуды доғарыңдар! Доғармайынша шынайы өмір сүре алмайсыңдар!». Шынайы өмір. Ештеңеден қорықпай, жалтақтамай ойыңдағыңды айту, көлгірсімеу десе, Ницше “Не үшін” дегенге жауап тапқан адам кез келген “Қалай” деген сұрақ жауабына да да жол табады” дейді. Алайда адамды алға жетелейтін күш – ол «қажеттілік», кейде тіпті өмір қажеттіліктерді өтеу немесе қанағаттандырудан тұратын секілді. Осы тұста көпшілікке танымал «Маслоу пирамидасын» айта кету керек. Маслоу пікірінше, адам пирамиданың төменгі бөлігінде орналасқан қажеттіліктерді өтемейінше, жоғарғылар әлі де болса адамға қызықты емес. Ғалым «Өмірдің әрбір күнін теңдесі жоқ сый ретінде қуанышты сезіммен қабылдау керек, басқаларға тәуелді болмау, әр мәселе бойынша өз пікіріңді көрсете білу, өзгелердің пікірін де қабылдап сыйлау, қай жерде болса да, өзіңді қарапайым күндегідей ұстай білу абзал деген қарапайым, бірақ мәні зор ақыл-кеңестер ұсынады. Жалпы философия терминдерге аса бай. Философиялық ойлар тарихындағы өмірдің мәні мәселесі фатализм, гедонизм, волюнтаризм, функционализм, прагматизм сынды ұғымдармен тығыз байланысты. Осы тұста «прагматизим» «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдараламасының басты терминдерінің бірі екенін еске сала кетейін.

Гректің «Философия» сөзі араб тіліндегі «фәлсәфа», көпше түрдегі «фәлсәфият» сөздеріне сәйкес келеді. Осы фәлсәфа дәстүріндегі ерекше тұлғалардың бірі, суфизмнің негізін қалаушы, «Диуани хикмет», «Фақырнама» еңбектерімен ғылым әлемінде танымла Қожа Ахмет Яссауи Аллаға құлай берілу, оған ғашық болу иман келтірудің бір түрі деген ұстанымды ұстанған. Бұл тұжырымды Хакім Абай адамшылық, яғни «Ғамалус» – ізгі іс принципінде шешкен. Бұл мәнде Абайдың адамшылығы мен мұсылмандығы сәйкес келеді. Хакім бұл тұста пайғамбарымыздың хадис-шарифіне сүйенген, онда мынандай ой бар: «адамның жақсысы, адамға жақсылық жасаған адам». Бұл мұсылмандықтың принципі. Абай ұғымында алла жарылқаушы емес, жаратушы. Ол алла мен адам арасындағы байланысты махаббат деген. Махаббат алла мен адам болмысының тек байланысы емес, ол танымдық гносеологиялық ұғым. Адам алласын тек бір ақ жолмен, махаббат арқылы таниды. «Махаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті» немесе «Ғашықтық құмарлықпен ол екі жол. Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол». Абай дүниетанымында махаббат- алланы тану жолы, ал ғашықтық ер мен әйел арасындағы сезім.   Суфизмнің негізін қалаушы А.Яссауи аллаға құлай берілу, оған ғашық болу иман келтірудің бір түрі деген ұстанымды ұстанған. Хакім Абай адамшылықты Ғамалус – ізгі іс принципінде шешкен. Бұл мәнде Абайдың адамшылығы мен мұсылмандығы сәйкес келеді. Хакім бұл тұста пайғамбарымыздың хадис-шарифіне сүйенген, онда мынандай ой бар: «адамның жақсысы, адамға жақсылық жасаған адам». Бұл мұсылмандықтың принципі. Абай ұғымында Алла жарылқаушы емес, жаратушы. Ол Алла мен адам арасындағы байланысты махаббат деген. Махаббат Алла мен адам болмысының тек байланысы емес, ол танымдық гносеологиялық ұғым. Адам Алласын тек бір ақ жолмен, махаббат арқылы таниды. «Махаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті» немесе «Ғашықтық құмарлықпен ол екі жол. Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол». Абай дүниетанымында махаббат - Алланы тану жолы, ал ғашықтық ер мен әйел арасындағы сезім.  

Өмірдің, өлімнің және өлместіктің мағынасын христиандық және мұсылмандық түсіну және түсіндіру жолдары бар. Бұл мәселені қазақы түсіну мұсылмандықпен сәйкес келеді. Қазақ халқы өлімді бір аса қорқынышты етіп көрмейді оған экрандағы халық тәжірибесінде кездесетін түсінік-танымдар дәлел бола алады. Қайда барсаң да Қорқыттың көрі деген аңызымен, адамзаттың ешқашан өлімнен қашып құтылмайтындығын дәлел еткен Қорқыт бабамыз «Ажал жетпей өлмек жоқ!» деп тағдырға мойынұсынушылықты мегзеген, мәңгілік өмір мәселесін қозғаған. Біртуар ойшыл Хәкім Абай:

Адамзат – бүгін адам, ертең топырақ,
Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ.
Ертең өзің қайдасың, білемісің,
Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ

деп адамды тәк дегізіп, артық іс-қимылдан тиятын өлімді әділетті деп, ал оған деген қорқыныш тұсау екенін алға тартады. Шәкәрімнің өлеңдері өмір мен оның қайталанбастығы туралы, фәни дүниедегі барлық нәрсенің өткіншілігі туралы, бұл әлемде еркіндікке жетудің мүмкін еместігі туралы терең философиялық Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының дамуы кезеңі ретінде толғауларға толы. Ақын-ойшылдың шығармаларында қазақтардың космологиясы мен космогониясы бейнеленген, философиялық мазмұндағы картиналар мен терең образдар құрастырылған. «Бәйшешек бақшасы» деп аталатын өлеңдер мен әңгімелер циклінде философтың өмір мен өлім туралы мынадай ой-толғауы кездеседі:

Тумақ, өлмек – тағдырдың шын қазасы,

Ортасы – өмір, жоқтық қой – екі басы.

Сағымдай екі жоқтың арасында

Тіршілік деп аталар біраз жасы.

Жоқтық, барлық – жоғалмақ араласы,

Үш еріксіз болады мағынасы

Нажағайдай жарқ етіп өшпек болса,

Өмірдің он тиындық жоқ бағасы

Өмір мен өлімнің философиялық мәселелерін осылайша талқылайды, Шәкәрім. Өлеңімен гүл дестелеген лирик ақын Мағжан «Әлдиле өлім әлдиле» десе, ақиық ақын Мұқағали «Жаназа күйін, жазшы бір, Моцарт» деп «Жана азасы» реквиемін жазды. 8 лекция тақырыбы тым күрделі болғандықтан ол туралы толғамдар қатары да көп, оның барлығын тауысу мүмкін емес. Келесі дәріс «Этика. Құндылықтар философиясы» тақырыбына арналады.