Тест
Ерік бостандығы еркін әрекет ететін жердегі ішкі еркіндік сезімі, алайда өзінің ерік-жігері сәтсіздікке ұшырағандықтан, кейбір адамдар өз еркімен қалаған әрекетін жасай алмайтын адамға айналғанда неге тәуелді болады? Өз құмарлықтарының құлы болады; Қожайынының құлы болады; Өз ой-пікірінің құлы болады; Өзгелердің ой-пікірінің құлы болады; Қоғамның құлы болады. Шумерліктердің сына жазуы, яғни бостандық идеясын білдіретін жазба символы, болжам бойынша бостандық ұғымының ең алғашқы жазбаша көрінісі «Ама-ги» белгісі құлдардың босатылуы деген мағынаға ие, алайда бұл сөзбе-сөз қалай акдарылады? Анаға оралу; Отанға оралу; Әкеге оралу; Туған жерге оралу; Сүйіктіңе оралу. Зорлау, кісі өлтіру, ұрлық және т.б. сынды дәстүрлі заңдар бостандықты сақтайды және кеңейтеді, сол себепті заңның үстемдігі бостандық үшін өте маңызды деп заңның дұрыс жазылуы мен сақталуын құптаған философ? Д. Локк; Б. Спиноза; Вольтер; Ш.Л.Монтеське; Д.Дидро. «Басқа біреу үшін емес, өзі үшін өмір сүретін адам – еркін» деген тамаша қағидаттың авторы? Аристотель; Платон; Сократ; Пифагор; Протогор. Адам айыптаусыз кез-келген нәрсені жасай алады деген идеяны алғаш рет айтқан философ кім? Вольтер; Д. Локк; Б. Спиноза; Ш.Л.Монтеське; Д.Дидро. «Ақыл-ойды жетiлдiру туралы трактат», «Этика», «Саяси трактат» сынды танымал еңбектерімен ерекше Спиноза «Табиғаттың ажырамас бөлiгi ретiнде адам бүкiл дүниелiк шытырман қарым-қатынастарға кiредi. Соның iшiнде ол ең алдымен өзiн сақтап қалуға тырысады. Ал мұның өзi оның неше түрлi сезiмдерi мен құмарлықтарын тудырады» дей келе оған қандай атау береді? Аффектілер (сезім қысымы); Эффект Эйфория Адаптация; Акцентуация. Философия тарихында орны ерек француз философтардың бірі Жан Поль Сартр үшін адамдар қайғы-қасіретке толы және терең жауапкершілік сезімін сезінеді, алайда өмір соншалықты қорқынышты емес деп бостандықты неге балады? Бостандық – ол айыптау; Бостандық – ол шарасыздық; Бостандық – ол үміт; Бостандық – ол қайғысыздық; Бостандық – ол қоқыныш . Әлемдегі ең еркін елдерді анықтау мақсатында HFI (Human Freedom Index ) деп аталатын «адам бостандығы индексі» жүргізіледі. Бұл зерттеуге әлемнің 165 елі қатынасқан, 2021 жылғы есеп бойынша бірінші орынды иеленген ел? Швейцария; Дания; Эстония; Канада; Финляндия. XVII ғасырдың аяғында қазақ ханы Тәуке хан «Жеті жарғы» заңын шығарған. «Жеті» сөзі толықтық, жетілгендікті білдіреді, ал «Жарғы» сөзі нені білдіреді? Әділдік; Бұлжытпай орындау; Құрметтеу; Сақтау; Ақылдылық. Ұлт данышпаны Хакім Абайдың әр қазақ үшін белгілеген ұмтылыс биігінің нақ межесі қайсы? Толық адам; Парасатты адам; Жетілген адам; Ар ғылымы; Хәл ілімі.