Адамның табиғатпен өз байланысын сезінуі, сондай-ақ оның қоршаған ортадан ерекшелігін ажырата алуы ғана түсінетін рухани өмірдің алғашқы формасы қалай аталады?
Мифология;
Философия;
Тарих;
Болмыс;
Таным.
Мифтер инициациялық қатынастардағы техника дамуының бастапқы көрсеткіштік сипатына ие. «Инициация» латынның «inito» сөзінен енген, алайда оның аудармасы қандай?
Бастау, арнау, культтік құпияға ену;
Ұлттық дәстүрлер жиынтығы;
Өмірілік тәжірибелер жиынтығы;
Дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы;
Даналықты меңгеру тәсілі.
Батыс Еуропалық ортағасырлық философияның ең үлкен жетістігі?
Филоософиялық теологияның құрылуы;
Ерік бостандығын нығайтуы;
Аристотель еңбектерінің алғашқы латын аудармаларының келуі;
Этиканың пайда болуы;
Ағартушылық философияның басым болуы.
Еуропалық Қайта Өрлеу деп аталатын кезең Шығыстан алып келген жаңалықтар нәтижесінде өрбіді. Батыс жарты шарды ашуға себеп болған, физикалық авантюралардың жаңа рухын және табиғи әлемнің құрылымына жаңа ғылыми қызығушылықты білдірген, навигацияның қауіпсіздігі мен ауқымын жақсартқан шығыстық жаңалықты атаңыз?
Компас
Жылжымалы баспа (типография);
Зеңбірек;
Карта;
Құмсағат
Жоғарыда аталған шығыстан батысқа келген жаңалықтар ішіндегі білімді кеңінен таратып, оқуды зайырландырып, шіркеу элитасының зияткерлік монополиясын азайтып, Греция мен Римнің әдеби және философиялық классиктерін қалпына келтірген өнертабыс?
Жылжымалы баспа (типография);
Құмсағат;
Зеңбірек;
Карта;
Компас.
Ағылшын тарихшысы және әлеуметтанушысы А.Дж.Тойнби өзінің қай еңбегінде адамзат дамуын «өркениеттер» айналымы рухында мазмұндауға ұмтылып, бұл терминді «мәдениеттің» синонимі ретінде қарастырды?
«Тарихты зерттеу»;
«Үшінші толқын»;
«Өркениеттер қақтығысы»;
«Адамзат тарихының философиясына деген ойлар»;
«Еуропаның батуы».
Эпистемология, дін философиясы және саяси теориямен шұғылданған ғалым Карл Ясперс өзінің "Тарихтың пайда болуы мен мақсаты" атты еңбегінде қандай аса маңызды теориясын ғылыми айналымға енгізді?
Осьтік кезең теориясы;
Пассионарлық теориясы;
Экономикалық теория;
Өркениет теориясы ;
Тарихи-мәдени типтер теориясы.
«Қазақстан» атауы алғаш рет ХҮІ ғ. бірінші жартысында, Зайнаддин Әбді-аль Джани Васифидің «Бадал ал-Вакай», яғни «Ғажайып оқиғалар» атты шығармасында кездеседі. «Қазақстан» – термині белгілі бір дәрежеде ХҮ-ХҮІ ғғ. өзінде-ақ этногеографиялық ұғымда қолданылған. Қазақстанның негізгі ұлты қазақтар, қазақтың елдік ұғымы, ұлттық идеясы қандай және оның аторы кім?
Асан Қайғының Жерұйығы.
Бұқар жыраудың бірлікке шақыруы;
Қорқыттың өліместік ілім;
Абайдың Толық адамы;
Тәуке ханның Жеті Жарғысы;
Мәдениеттің ерте немесе кеш, жылдам не баяу дамуына табиғаттың ықпалы мол екендігін дәлелдеп, «салқын үйек» пен «суық үйектегі» жерлерге мәдениет адам баласы табиғатпен тартысудың тәсіліне жетіп, ғылым, өнер біліп, табиғат жайсыздығын жағдайлы етуге жетілген кезде орнаған деген ғылыми тұжырым жасаған қазақ ғалымы?
А. Байтұрсынов;
Ш. Уәлиханов;
Ә. Бөкейханов;
Қ. Сатбаев;
М. Дулатов.
Қазақ ғалымы А. Байтұрсынов өркениетті жіктеудегі басты мәселе географиялық факторлар, яғни климат, жердің топырағы, суы, кені, жан-жануары, демографиясы деп түсініп, өркениет дамуының алғышарттарын сипаттама жасады, оған қоса тағы қандай талдама жасады?
Өркениеттің эволюциялық жолына талдау жасады;
Мәдениетті өркениеттің синонимі ретіндегі талдама жасады;
Өркениеттердің тарихи цикльдік талдамасын жасады;
Осьтік уақыт кезеңі талдамасын жасады;
Өркениеттер қақтығысы талдамасын жасады.