Тест
Әлемнің көптеген сөздерінде «Din» латынның «Religio» сөзімен аса танымал, алайда қазақ халқы халықаралық религия сөзін емес, дін сөзін қолданысқа енгізген, ол сөз тілдік қорымызға қайдан енеген? Араб тілінен; Түрік тілінен; Парсы тілінен; Грек тілінен; башқұрт тілінен. Жалпы дінге берілген анықтамалар қатары тым көп. Біреулер «Дін - бұл рухани тіршілік иелеріне деген сенім» десе, екіншібіреулері «Дін сенуші адамдардың мінез құлқын қайта жасауға мүмкіндігі бар ақиқаттар жүйесі» дейд, алайда «Ғылым Жаратушының жаратқандарын зерттейді» деген ерекше тұжырым айтқан кім? А.Эйнштейн; Дж. Фрейзер; Э. Тайлор; А.Н. Уайтхед; Э. Бенвеннист. Танымал ғалым Эдмунд Гуссерль тұжырымдаған дінді академиялық зерттеудің әдіснамалық тәсілі қалай аталады? Дін феноменологиясы; Дінтану; Салыстырмалы дінтану; Дін туралы ғылым; Дін онтологиясы. Діннің алғашқы формасы? Мифология; Архетип; Аллегория; Символика; Шаманизм. Өмірінің 40 жылға жуық уақытын үнді тайпаларын зерттеуге арнап, өзіндік мәдени өмір салтын зерттеп, үлкен және өте құнды тарихи материалдар жинаған, отбасылық қатынастар мен туыстық тарихты ашқан американдық ғалым кім? Л. Морган; Идеализм; Легизм; Гуманизм; Деизм. Буддизм, әлемдегі негізгі діндердің бірі, б.з. д. VI ғасырда Үндістанда пайда болды. Буддистер адамдардың медитация жасау және будда белгілеген өмір салтын дамыту арқылы азаптан арылуға мүмкіндігі бар деп санайды. Будда қайтыс болғанға дейін көптеген дәрістер оқыды, ал оның ілімдері не деп аталды? Дхарма; Сутра; Мантра; Хинаяна; Рамаяна. Әлемдегі ең кең таралған, яғни 2 миллиардтан астам ізбасарлары бар және Исаның туылуы, өмірі, өлімі және қайта тірілуі туралы сенімдерге бағытталған дінді атаңыз? Христиандық; Буддизм; Ислам; Индуизм; Зороастризм. Исламда әлемнің тұрмыстық қызығына қызықпайтын, өмірін толықтай құлшылыққа арнаған мистиктер мен аскетиктерді арабша «Авлия» деп атады, ал қазақша олар кімдер? Әулиелер; Аруақтар; Дәуріштер; Бабалар; Пірлер. Дат теологы, жазушы әрі философ Сѐрен Кьеркегор өзінің шығармашылығында әр адамның бойында болатын қорқынышқа, оның мәніне христиандық тұрғыдан түсінік береді. Осы мәселеге арналған «Қорқыныш туралы түсінік» деген еңбегі де бар. Ол осы шығармасында қорқынышқа не бастау болады деп мегзейді? Күнә; Қарыз; Парыз; Борыш; Кінә. Неміс философы Шлейермахер дін туралы философиялық ілімді құру қажеттілігін айта отырып, көбіне дін мен оның қағидаттарын қандай адамдар қабылдамайды деді, тіпті оларға арнап кітап жазды? Білімді адамдар. Жұмысшылар; Ауқатты адамдар; Надан адамдар; Кедейлер;