Тест
Гректің «Онтос», яғни аударғанда (ontos – барлық тіршілік, бар нәрсе; logos – сөз, ақыл, ой, ілім ) дегенді білдіреді деп алғаш қолданған антикалық ойшыл кім? Парменид; Фалес; Пифагор; Плотин; Платон. «Табиғат туралы" деп аталатын үш бөлімнен тұратын ұзақ поэтикалық шығарманың авторы, Италияның оңтүстігінен шыққан грек философы Парменид қандай антикалық мектептің негізін қалады? Элей мектебі; Атомистер мектебі; Милет мектебі; Софистер мектебі; Перепатетиктер мектебі. «Идеалды әлем» болмысы идеясын ұсынып, болмыс парадигмасының «Феноменалды болмыс» және «Метафеноменалды болмыс» деп екі жағын аштықан әлемге есімі аян философ? Платон; Сократ; Аристотель; Парменид; Плотин. Шығыстық мәдениетте болмыс мәселесі шынайылық пен өткіншіліктің баламасы ретінде Үнділердің қандай гимнінде талданады.? Ригведа; Йога; Сутра; Мантра; Карма. Қытай философиясындағы маңызды ұғымдарының бірі, барлық болмыс осы екеуінің біртұтастығы арқылы ғана бар бола алады, тіршілк етеді себебі олар дүниенің бастауында тұрған мәндер деген ой, қандай ұғым туралы айтылған? Инь және Янь; Конфуцийшылдық; Легизм; Атаулар мектебі; Деизм. Б.з.д. IV ғасырда грек философы Аристотель "бірінші философия", "бірінші ғылым" «бірінші философия» деп қай терминді мегзеді? Метафизика; Онтология; Антология; Метафора; Метанализ. Ортағасырлық христиандық философия кезеңінің белді өкілі әулие Августин өзінің «Тәубеге келу» еңбегінде «уақыт Құдайдың еншісінде, өткен күндер – енді жоқ, ал болашақ – әлі келген жоқ» деп жазып болмыстың үздіксіз болуын неге балады? Осы шаққа. Болашаққа; Бала шаққа; Өткен шаққа; Келер шаққа; Алгебралық символизм авторы, рефлексологияның негізін салған аналитикалық геометрияның "атасы" деген аттаққа ие болған, бастысы, дүние екі бастамадан, яғни «болмыс және ойлаудан» тұрады деп екі бірдей субстанция туралы ғылымды жақтаған кім? Рене Декарт; Жан Жак Руссо; Пико делла Мирандоло; Дени Дидро; Клод Адриан Гельвеции. Ерік онтологиясын зерттеп «Ерік пен Елестер ретіндегі әлем» атты кітап жазған Артур Шопенгауэр барлық философтардың жіберген қателігі – адамға негіз болатын интеллект деуінде, шын мәнісінде, адамға негіз бола алады деп нені көрсетті? Ерік-жігерді; Қабілет-қарымды; Пайымды; Ақыл-парасатты; Елесті. «Болмыс және уақыт» еңбегінің авторы, «Dasein» - өмірлік тәжірибе, күнделікті өмір, әлемде болу, болмыспен бірге болу, болмыспен кездесу, шапшаңдық және қамқорлық құрылымы сияқты негізгі феноменологиялық постулаттарын қолданған философ? Мартин Хайдеггер; Артур Шопенгауэр; Серен Кьеркегор; Шеллинг; Фихте.