Тест
Философия тарихында таным мәселесі қандай бөлімде қарастырылады? Гносеология; Метафизика; Герменевтика; Онтолология; Фенеменология. Гносеологияның батыстық баламасы эпистемология, адам білімінің табиғатын, шығу тегі мен шектерін философиялық тұрғыда зерттеу мағынасына ие гректің «epistēmē» сөзінен шыққан, алайда оның этимологиясы қандай? Білім және logos ілім; Ғылым және таным; Сезім және ілім; Болмыс және таным; Ғылым және сезім. Адамдардың барлығы дерлік өздері өмір сүретін әлемді түсінгісі келеді және олардың көпшілігі оны түсінуге көмектесу үшін әртүрлі теориялар жасайды деген әлем ұстазы Аристотель бойынша философия неден басталады ? Таңқалу және шатасудан; Ерік пен жігерден; Таңдау мен бостандықтан; Таңқалудан және қиналудан; Күмәнданудан. «Адамның психикалық өмірі физикалық заңға бағынбайтын материалдық емес болмыстың болуына байланысты» деген тұжырым жасап, философия тариханда ақыл-ой проблемасын зерттеген ғалымдардың бірі? Рене Декарт; Жан Жак Руссо; Пико делла Мирандоло; Дени Дидро; Клод Адриан Гельвеции. Философ-жазушы Луис де Меранда бойынша тірі және рухани процестердің көп өлшемділігі мен көп бағытын біріктіретін және тоғыстыратын интеллект қалай аталады? Креалектикалық интеллект; Логиклық-математикалық интеллект; Әлеуметтік интеллект; Шығармашылық интеллект; Визуалды-кеңістіктік интеллект. Ұлт ұстазы Хәкім Абай бойынша адамды адаммен теңестіретін, ақиқатты танудын негізгі көзі не? Білім; Қанағат; Арман; Шүкіршілік; Мақсат. «Таным» ұғымын әртүрлі әдемі түстерден рақат алу, табиғат құбылыстарының жаратылысы, ондағы дыбыстардың сан алуандылығынан ерекше әсер алу деп түсініп, сұлулықты сезіну адамның өмірге деген қызығушылығын, даналыққа құштарлығын, қабілетін арттырады деп сенген қазақтың лирик ақыны? Мағжан Жұмабаев; Әлихан Бөкейханов; Ахмет Байтұрсынов; Ілияс Жансүгіров; Сәкен Сейфуллин. Неміс философы И.Кант үшін практикалық зерде мен пайымдау қабілетін талдауға апаратын саты? Таза зерденің сыны; Жанама зерденің сыны; Қос зерденің сыны; Сыни зерденің сыны; Қиял зерденің сыны. Адамның жоғары, рухани сезімінің жұтаңдауы, оның нәтижесінде адамгершілік сезімінің жұтаңдауын байқаған академик Ж.М. Әбділдин бойынша бүгінгі таңда жетілу мен даму мақсатында қандай теория қажет? Сезімталдық теориясы. Танымдық теориясы; Патроиоттық теориясы; Бостандық теориясы; Зеректік теориясы; Қазақстандағы кәсіби философияның қалыптасуы мен дамуы үшін «Ақиқат», «Жақсылық» және «Сұлулық» сынды бір-бірінен ажырамастай, үйлескен бірлікте болуы үшін қазіргі жаңаша «үш сыншыны жасауға» шақырған отандық академик? Ж.М. Әбділдин; Ә.Н. Нысанбаев; Ғарифолла Есім; Қ. Ш.Шүлембаев; Т.Х.Ғабитов.