Тест
Ғылым, техника және технология әлеуметтік өмірдің өте күрделі құбылыстары және олар адам өмірінің терең негіздерімен байланысты екені анық, алайда оның тұрақты көрінісі Еуропада қай ғасырда және қай кезеңнен бастау алды? XVII ғасыр, яғни «Жаңа кезең»; XV ғасыр, яғни «Қайта өрлеу кезеңі»; XІII ғасыр, яғни «Орта кезең»; XVIIІ ғасыр, яғни «Француз ағартушылар кезеңі»; XIХ ғасыр, яғни «Неміс классикалық кезеңі». ХХ ғасырдың екінші жартысында ғылым мен техниканы бағалаудағы «оптимистік», «пессимистік» және «бейтарап» деген үш ұстанымды қалыптастырған ғалым? К. Ясперс; А.Камю; Ж.П. Сартр; Г.Марсель; М.Хайдеггер. Әр кезеңдерде технологиялар үнемі адаммен, оның ақылымен бәсекеге түсетіні ақиқат, алайда XXI ғасырда әлем нешінші өнеркәсіптік революциямен бет түйісті? Төртінші; Екінші; Үшінші; Бірінші; Бесінші. Қоғамды, табиғи ортаны және әлеуметтік-техникалық, табиғи-техникалық, техникалық-технологиялық біріктірілген техносфера, индустриялық және постиндустриалдық сатыдағы экономикалық, ғылыми, мәдени байланыстарға жүгінетін тарихи дамуды жалпылама қандай қоғам атауға болады? Техногендік қоғам; Өркениетті қоғам; Ашық қоғам; Демократиялық қоғам; Жетілген қоғам. Үнемі өзгеріп отыратын және қоғамда белсенді қолдау табатын жаңа үлгілердің, идеялардың, тұжырымдамалардың құндылықтарын жалпылама қандай өркениет деп атауға болады? Техногендік өркениет; Мәдениетті өркениет; Тұйықталған өркениет; Шексіз өркениет; Технократиялық өркениет. Білім беруді тиісті түрде назар аударатын кәсіпорын ретінде қарастырып, сыни және рефлексивті ойлауды оның ең жоғарғы функциясы ретінде дамыту қажеттілігін айтқан ғалым? Джон Дьюи; Бертран Рассел; Ричард Питерс; Пауло Фрейре; Альфред Уайтхед. Білім беруді саяси институт ретіде қарастырып, оқушыларды белгілі бір тұжырымдарды қабылдау арқылы өз бетінше ойлауға итермелеудің орнына оларды мәжбүрлейтін білім беру жүйесіне иеміз деп наразылық білдірген ғалым? Бертран Рассел; Джон Дьюи; Ричард Питерс; Пауло Фрейре; Альфред Уайтхед. «Білімді адам» моделінің нұсқасын қалыптастырушы ретінде қазақтың жазба тілінде әліппесі мен тұңғыш халық грамматикасын ендірген педагог кім? Ыбырай Алтынсарин; Абай Құнанбаев; Шоқан Уәлиханов; Қаныш Сәтбаев; Ахмет Байтұрсынов. «Қазақ ғылымының атасы» академик Қаныш Сәтбаев Жезқазған және Қарсақбай ауданындағы пайдалы қазбалар кен орындары геологиясын зерттеген қазақтан шыққан тұңғыш геолог. Ол геологиялық барлау жұмыстарын жүргізді, оның жетекшілігімен бұрғылау мастерлері, сызба сызушылар, прорабтар және т.б. кадрлар қалыптасты, Жезқазған мыс кен орнының қоры бұрынғыдан әлдеқайда көп екенін дәлелдеді. Осы жаңалығы үшін оған 1940 жылы КСРО жоғары мемлекеттік наградасы – Ленин ордені берілді. Кейінірек оған тағы төрт орден табыс етілді, алайда ол орта білім беру саласына қандай үлес қосты? «Алгебра» оқулығын жазды. «Тарих» оқулығын жазды; «Геометрия» оқулығын жазды; «Физика» оқулығын жазды; «География» оқулығын жазды; Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласына негізделген «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының басты мақсаты қандай? Гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік деген университет оқулықтарын түрлі тілдерден қазақ тіліне аудару; Гуманитарлық ғылымдардың мәртебесін көтеру; Қазақ тілінің мәртебесін көтеру; Аударма жүйесін жаңғырту; Жаңа оқулықтар жазу.