Тест
Төмендегі адам болмысының негізгі 4 категориясы ішінен артығын табыңызм, өмір және өлім болып табылады? Сәттілік; Сенім; Бақыт; Өмір; Өлім. Бақытқа жету жолын нұсқап, «Бақыт формуласын» ұсынған қазақ топырағынан шыққан шығыстық ғұлама? Әл-Фараби; Әл-Бируни; Әл-Хорезми; Ибн Сина; Омар Хайям. Адам болмысы негізгі 4 категориясының бірі, денотативті және коннотативті түсіндірмеге ие, адам психикасында үмітпен тұжырымдалатын категорияны табыңыз? Сенім; Бақыт; Сәттілік; Өмір; Өлім. Қазақ халқының ислам дінін қабылдағанға дейінгі діни сенімі қалай аталады? Тәңіршілдік; Пұтқа табыну; Көк бөріге табыну; Аруақтарға құрмет көрсету; Әулие, пірлерді ұлықтау. Концлагерьдегі өмірімен әлемге әйгілі, психотерапиялық жәрдем көрсету әдісін өз тәжірибесі нәтижесінде қалыптастырған Виктор Франклдың ғылыми айналымға енгізген ілімі? Логотерапия; Музыкатерапия; Психотерапия; Тұлғалық терапия; Арт-терапия . «Ей, қаланың тұрғындары! Өлімнен қорқуды доғарыңдар! Доғармайынша шынайы өмір сүре алмайсыңдар! Шынайы өмір. Ештеңеден қорықпай, жалтақтамай ойыңдағыңды айту, көлгірсімеу» деген мысырлық жазушы, драматург, сценарист, 1988 жылғы Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты кім, «Біздің көшенің балалары» атты роман авторы? Нагиб Махфуз; Махмуд Теймур; Мухаммед Зефзаф; Тахе Хуссейн; Ибрагим аль-Куни. «Өмірдің әрбір күнін теңдесі жоқ сый ретінде қуанышты сезіммен қабылдау керек, басқаларға тәуелді болмау, әр мәселе бойынша өз пікіріңді көрсете білу, өзгелердің пікірін де қабылдап сыйлау, қай жерде болса да, өзіңді қарапайым күндегідей ұстай білу абзал» деген ой иесі Маслоудың көпшілікке аса танымал «Маслоу пирамидасының» негізі неде? Қажеттілікте; Сенімде; Білімде; Байлықта; Бірлікте. Ұлт ұстазы Хакім Абай өз шығармашылығында адамшылықты ізгі іс принципінде көрсеткен және оны «пайдалы харекет» аудармасын беретін құран сөзімен берген. Ол қандай сөз? Ғамалус салих; Жауанмәрт; Уәктубиһи; Хауас; Ғақлиат тасдиқат. Ұлт данышпаны Шәкәрімнің өмір мен оның қайталанбастығы, фәни дүниедегі барлық нәрсенің өткіншілігі, бұл әлемде еркіндікке жетудің мүмкін еместігі туралы терең толғамдары, философиялық мазмұндағы картиналар мен терең образдары қандай жинақта жинақталған? «Бәйшешек бақшасы»; Жастарға; Үш анық; Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі; Мұсылмандық кітабы. «Әлдиле өлім, әлдиле!» деп мағынасы терең, мазмұны тұңғиық өлең жазған қазақ ақыны? Мағжан Жұмабаев; Мұқағали Мақатаев; Жұмекен Нәжімеденов; Фариза Оңғарсынова; Ақұштап Бақтыгереева.