Тест
Грек сөзінен шыққан, тікелей «құндылық» деп аударылатын құндылық теориясын және оның қатынастарын жіктейтін, әрі зерттейтін философиялық ілім қалай аталады? Аксиология; Гносеология; Этика; Эстетика; Эпистемология. Аристотель әділеттілік, модерация және эвдемонияны бақыттың негізгі қасиеттер ретінде анықтай отырып қандай ғылымның негізін салды? Этика; Аксиология; Гносеология; Эстетика; Эпистемология. Ежелгі гректің «білгір», «шебер», «суретші» деген сөздер мағынасын білдірген, адамдарды дау-дамайлар мен сот процестерінде жауларын жеңу өнерін үйреткен, қара түсті ақ, ал ақты қара деп бейнелеу қабілетіне ие, табиғат заңдары мен әлеуметтік заңдарды бөліп алған адамдар тобы қалай аталды? Софистер; Сократиктер; Деистер; Перепатетиктер; Идеалистер. Төмендегі софистер ішінен «Құдайлар туралы» кітап жазған, алайда көп ұзамай тұтқындалып, өлім жазасына кесілген, Фурий қаласы үшін заңдар жазған, сөйлеу өнері – риторикамен, дәлелдеу өнері - эрикизмнің кәсіби мұғалімі болған бас софистті атаңыз? Протогор; Горгий; Гиппи; Продик; Антифонт. Ғалым И.Бентам адам бойындағы борышты этикалық құндылықтармен туындаған мәжбүрлеудің ішкі тәжірибесі ретінде қарастыра отырып, адам борышының проблемаларын сипаттады және оған қандай атау беріп ғылыми айналымға енгізді? Деонтология немесе деонтологиялық этика; Әлеуметтік этика; Биоэтика; Іскерлік этикасы; Саяси этика. Утилитаризм адамды «жақсы» не «жаман» деп бағаламайды, оған «жақсы болды ма?» немесе «жаман болды ма?» деп оның жағдайына баға береді. Утилитариизм термині латынның «utilis» деген сөзінен шыққан, осы сөз қандай аудармаға ие? Пайда; Қаржы; Борыш; Ақша; Г) Үміт. “Құтты білік” поэмасымен аса танымал ғалым Жүсіп Баласағұн бір-бірімен үйлескен жағдайда елді бақытты ететін төрт құндылықтың артығын табыңыз? Рахым; Әділет; Дәулет; Қанағат; Ақыл. Сенің дініңе, сал-дәстүріңе, тіліңе т.б. ұқсамайтын немесе өзгеше құндылықтарға теріс қарау, мазақтау, қорлау т.б. залалдар келтіруге болмайтынын мегзейтін мәдени термин? Мәдени релятивизм; Консеквенциализм; Деонтология; Утилитраизм; Этика. Қоғамда әр түрлі жағдайда, әр түрлі мерзімде және әр түрлі форматта қарым-қатынасқа түсетін ұлт өкілдері мен олардың көзқарастары және түсінік-пайымы сәйкес келмеген жағдайда өзін-өзі бақылау, ұстамдылық, төзімділік, дәрменсіздік, менмендік, сабырлық, сыпайылық т.б. шыдамдылық механизмдері шекарасын белгілеп, сол аралықта өзін лайықты ұстау қағидаттары қандай тәрбие түрін көздейді? Толеранттық тәрбие; Дәстүрлі тәрбие; Этнотәрбие; Экологиялық тәрбие; Эстетикалық тәрбие. Антик ғұламаларының бірі Эпикур: «Дүниені зерттеу – ол адамның негізгі мақсаты емес, адамның негізгі мақсаты – бақытты өмірге жету. Ал оған жету үшін адамдар ғарыштың қандай екенін, Құдайлар бар ма, әлде жоқ па, өмір мен өлім жөнінде, табиғаттағы адамның үрейін туғызатын құбылыстар жайында өздерінің түсініктерін қалыптастыруы керек. Сонда ғана адам бақытты өмірге жете алады» -дей келе қандай ғылымды оқуға кеңес береді? Философия; Логика; Әдебиет; Тарих; Математика.